Тікелей эфир

Алматыда "Мейірімді өнім" акциясы басталды. Жиналған қаржы онкоауруға шалдыққан балалар еміне жұмсалады

Стационарда 40 күннен 13 жасқа дейінгі 6 бала ауыр халде жатыр.

Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды қолдаудың "Здоровая Азия" қоғамдық қоры Ergopack және "Көктем" компанияларымен бірлесіп "Мейірімді өнім" қайырымдылық жобасын бастады. Бұдан былай супермаркеттерден өнім сатып ала отырып "Мен сенімен біргемін" балалар хосписінің қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесуге болады. 
 
Жобаны ұйымдастырушылардың бірі Мария Ледяева коронавирус індеті әлемнің әр елі үшін қиын сынаққа айналғанын айтты.

"Пандемия – қайырымды жандар тарапынан жасалатын ізгі бастамалардың артуына серпіліс берді. Біз онкологиялық ауруға шалдыққан балалар хосписіне көмек қажет екенін білдік. Өйткені карантин олардың қаржылық жағдайын қиындатты. Оның үстіне, хосписте тұрақты тұратын және Хоспистің оңалту бөліміне тіркелген, сондай-ақ, жылжымалы қызметтің тұрақты медициналық бақылауындағы балаларға медициналық қолдау қажет. Хосписте қаржылық көмексіз шешілмейтін ай сайынғы қажеттіліктер бар. Сондықтан осы акцияны ұйымдастырып, оларға қолдау көрсетуді ұйғардық. Акцияға "Мелочи жизни" мен STR8 сауда маркалары да қатысады", – деді Мария Ледяева.

Мегаполистің әр тұрғыны жоғарыдағы сауда маркаларының тауарларын сатып алған кезде қаражаттың бір бөлігі ауруға шалдыққан балаларға көмектесуге жұмсалады. Сондай-ақ, акция тауарларын 45% дейін жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі бар.

Алматыда акцияға A-Store, Cosmart дүкендер желісі және Carefood супермаркеті мен дүкендері қосылды. 15 шілдеден бастап сөрелерде "Добрый продукт" акциясы "Сабыржан" (Тоймарт), "Магнум" мен Small желілерінде 21 шілдеден басталады.

Қазіргі уақытта стационарда 40 күннен 13 жасқа дейінгі 6 бала ауыр халде жатыр. Ем алып жатқан жағдайы ауыр науқас пен ремиссия жағдайындағы балалар да бар. Олар хоспистің емделу бөлімінде.

"Менің ойымша, қазір балалар хосписінің оңалту бөлімінде 12 бала бар. Кейбір балалар үйде тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық топтың бақылауында. Олар да қаржылық қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ, көшпелі қызметтің тұрақты қамқорлығында 320 бала бар. Балалар хосписінің миссиясы – балаларға қайғы-қасіретсіз жарқын өмір сыйлау. Мұнда балаларға өмірдің қалған күндерін қуанышпен өткізу үшін барлық күш-жігер мен қамқорлық көрсетіледі. Алматының тұрғындары  мен оның қонақтары науқас жандарға көмек беретініне сенемін. Сондай-ақ, басқа компаниялар да бізге қолдау көрсетеді деп үміттенеміз. Жақсылық жасау оңай", – дейді Мария Ледяева.

Бұдан өзге акция Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Өскемендегі сауда желілерінде өтіп жатыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары