Тікелей эфир

Алматыда 3x3 баскетболдан әлем турының кезеңі аяқталды

Вена командасы 3x3 World Tour FIBA ​​​​Almaty 2024 жеңімпазы атанды.

Алматыда баскетболдан 3x3 World Tour FIBA ​​​​Almaty 2024 ірі әлемдік турнирінің кезеңі аяқталды. 

"Турнирдің ұйымдастырылуына көңіліміз толды, ұйымдастырушыларға өте ризамыз. Барлығы өте жоғары деңгейде өтті. Жанкүйерлердің осындай белсенділік танытқаны бізді ерекше қуантады. Келесіде көрермендер үшін трибуналарды көбейтуіміз керек. Біз Алматыны болашақ 3х3 баскетбол турнирлерінің иесі ретінде қарастыратынымыз сөзсіз", – деді FIBA ​​3x3 атқарушы директоры Алекс Санчес.

Фото: worldtour.fiba3x3.com

Мұндай жоғары деңгейдегі жарыстарға қазақстандық командалар алғаш рет қатысты. Бұл турнир Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отырғандықтан әрі FIBA ​​турнирді ұйымдастырушыларға стандарт бойынша берілетін бір Wildcard емес, Қазақстанға үш жолдама берді. 3х3 бойынша әлемнің үздік командаларымен ойнау құқығы іріктеу жарыстарында ойналды. Осылайша Атырау, Алматы және Бішкек командалары алғаш рет әлем чемпионатының кезеңіне шықты. Олар топтық кезеңде ойнап, плей-оффта тәжірибелі және титулды қарсыластарынан жеңілді.

Турнирдің соңғы күні Ub (Сербия), Ханчжоу (ҚХР), Сан-Хуан (Пуэрто-Рико), Вена, Австрия), Лозанна (Швейцария), Раудондварис (Литва), Риффа (Бахрейн) және Партизан (Сербия) командалар алаңға шықты.

Финалда әлемдік рейтинг көшбасшыларының бірі "Вена" (Австрия) мен Ub (Сербия) командалары бақ сынады. Тартысты бәсекеде аз ғана ұпай айырмасымен австриялық Вена жеңіске жетті.

Фото: worldtour.fiba3x3.com

3x3 баскетболы (бұрынғы стритбол) – 1950 жылдары АҚШ-та кедей қалаларда пайда болған баскетбол түрі. Ол кәдімгі баскетболдан ойыншылар санымен және алаң көлемімен ерекшеленеді. Ойын алаңы – баскетбол алаңының жартысы. Ойыншы саны – үшеу. Бір баскетболшы қосалқы құрамда отырады. Стритбол ресми спорт түріне айналғаннан кейін оның ережелері жетілдірілді. 2010 жылдан бастап 3х3 баскетбол олимпиада бағдаралмасына енгізілді.

FIBA World Tour 3x3 — әртүрлі қалаларды көрсететін ерлер баскетбол командалары арасындағы халықаралық турнир. Жыл сайын желтоқсан айында өтетін үлкен финалмен ондаған кезең өтеді. 2024 жылы Әлемдік турды Лозанна, Марсель, Шэньчжэнь, Гонконг, Абу-Даби және басқа да қалалар қабылдайды.

Негізгі ойындардан басқа бағдарламада Shoot Out Contest және Dunk Contest өтті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары