Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 526 — 534 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 6 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 526,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,76 теңге. Еуро — 542,31.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 542,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Оқи отырыңыз: Теңге бағамы 2,5 пайызға әлсіреді: Ұлттық банк желтоқсандағы валюта нарығы бойынша мәлімдеме жасады
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,10 аралығында саудаланып жатыр.