Тікелей эфир

3500 алматылық өз есебінен тұмауға қарсы екпе салдырды

Тағы 5 мыңнан астам адам жұмыс беруші есебінен тұмауға қарсы екпе алды.

Биыл Алматы қаласында тұмаумен ауырған науқастар саны 3,6 есе өсті. Осы орайда, 128 мыңнан астам адам бюджет есебінен тұмауға қарсы екпе салдырды, деп мәлімдеді Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

"Алматы қаласында ЖРВИ-мен ауыру маусымының жүріп жатқаны байқалады. 1 қазаннан бастап 86 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,6 есе жоғары. 63% жағдайда балаларда анықталып отыр. Тұмау вирусының қалада циркуляциясы зертханада зерттеліп жатыр. А типіндегі H3N2 тұмауы 25 адамда анықталды. Бұдан өзге риновирус, маусымдық коронавирус және т.б. бар", – деді Әсел Қалықова.

Әрі қарай департамент өкілі алматылықтарды тұмауға қарсы екпе салдыруға шақырды. 2021 жылда 130 мың доза сатып алынып, олардың барлығы медициналық ұйымдарға жеткізілген.

"15 қаңтардан бастап 128 мыңнан астам адам бюджет қаражатына тұмауға қарсы екпе салдырды. 3 500 адам өз ақшасына, тағы 5 мыңнан астам адам жұмыс беруші есебінен салдырды", – деп қосты Әсел Қалықова.

Мұнымен қатар, департамент өкілі коронавирус бойынша ұжымдық иммунитет деңгейінің 56,5%-ға жеткенін хабарлады. Ол вакциналанғандардың 48,4%-ынан және ауырып жазылған адамдардың 8,1%-ынан тұрады. Бұл ретте вакцинациядан кейін сырқаттанғандардың үлес салмағы егу науқаны басталғалы небәрі 0,3 %-ды – 3151 адамды құрады. 

"Өткен аптада 20-39 жастағы азаматтар жұқтырғандардың – 27,9%-ын, 40-59 жастағы азаматтар – 27,6%, 60 және одан жоғары жастағы адамдар – 22,3% құрады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың үлес салмағы – 16% немесе 124 жағдайға дейін өсті, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар (21 жағдай) – 2,7%", – деп қосты Әсел Қалықова. 

Вирус жұқтырғандардың ішінде:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар – 26,1%;
  • зейнеткерлер – 21,2%;
  • ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 20,3%;
  • оқушылар – 13,1%.

Қоғамдық денсаулық  басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 1 ақпанынан 29 қарашасына дейінгі аралықта І компонентпен – 1 035 512 адам, II компонентпен – 968 966 адам егілді. 60 жастан асқандар арасында вакциналанғандар саны – 122 205.

Сондай-ақ, Алматыда Pfizer компаниясының Comirnaty препаратымен 13 248 адам вакциналанды. Оның ішінде жүкті әйелдер – 795, бала емізетін әйелдер – 2 803, балалар мен жасөспірімдер – 9 650.

Еске салсақ, "Омикрон" штамының 20-30 жас аралығындағы азаматтар арасында көбірек таралатыны туралы хабарлаған едік. Штамның 32 мутациясы бары белгілі болды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары