Сонымен қатар оқушылар үшін арнайы тарифпен мобильді интернет, планшеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін сервистік қызмет сатып алынады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2023 жылы 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысын планшетпен қамтамасыз етуді ұсынды.
"Ауыр рюкзактар мен мектептердің цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері планшет қолдану арқылы шешімін табуы мүмкін. Планшеттер цифрлық оқулық ретінде немесе онлайн оқу құралы ретінде қолдануға оң әсерін тигізеді", – деді Бағдат Мусин.
Министр мұндай әдіс бірқатар дамыған елдерде жүзеге асырылғанын айтты. Оның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея, Түркия мектептерінде жақсы нәтиже көрсеткен.
Оқи отырыңыз: Оқушының цифрлық профилінде қандай мәліметтер сақталады?
Бағдат Мусин бұл шешім оқушыларға шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік беретінін де атап өтті.
"Аталған елдерде осы шешім негізінде өңірлер арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендетуге, оқушылардың рюкзагын жеңілтедуге мақсат қойылды. Біздің ұсыныс: 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушыларын 2023 жылы сервистік модель арқылы планшеттермен қамтамасыз ету", – деді министр.
Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған механизмнің бірқатар артықшылығы бар. Атап айтқанда:
- Сервистік модельді пайдалану тікелей сатып алуға қарағанда бастауыш сыныптарда 4 жылға арналған келісімшарт сомасын бөлу есебінен бюджетке жүктеме азаяды. Бұл механизм халық пен бизнес арасында телефондар мен планшеттерді сатып алу кезінде белсенді тапсырысқа ие;
- Планшеттерді жалға беру қызметінен басқа, оқушылар үшін арнайы тарифпен мобильді интернет, планшеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін сервистік қызмет сатып алынады;
- Рұқсат етілген онлайн ресурстар тізімі, яғни "ақ интернет" қашықтан жаңартылып отырады.
"Ең бастысы, шетелдік өндірістерге тәуелділікті азайту мақсатында бұл механизм тек отандық өндірушілер үшін ғана қолжетімді болады", – деп атап өтті министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
267
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
245
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
257
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
258
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
261
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
260
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
245
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
257
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
243
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
240
-
0
-
0
-