Аталған туынды Ресей елінде де прокатқа шықты.
Режиссер Бекболат Шекеровтің "1941 жылдың жазы" атты әскери драмасы енді бірқатар танымал стриминг платформасында қолжетімді болды. Оның ішінде Kinopoisk, IVI, Okko, Premier және басқалары бар, деп хабарлайды ҚР ҰКҚМО баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қазақстанда аталған картина үлкен экрандарға 21 сәуірде, ал одан бір аптадан кейін ресейлік прокатқа шыққан. Көрермен туындыны жылы қабылдады, көптеген ақпарат көзі, оның ішінде Kinobusiness.com, Rewizor.ru, Kinoafisha.info, Moscultura.ru және басқалары тұсаукесері жайлы мақалалар жазды.
"1941 жылдың жазы" – кейіпкерлерге деген көзқарас тұрғысынан алғанда "классикалық" туынды болып табылады. "Сашка" лақап атымен танылған Әди Шәріпов басқаратын кеңестік партизандар отряды – нағыз қаһармандар жасағы. Жақсылық пен жамандық арасындағы шекаралар нақты көрсетілген. Режиссура тек кеңестік жауынгерлердің батырлығы арқылы ғана емес, олардың жанында орын алып жатқан психологиялық драма арқылы жақсы көрсетілген", – деп жазады Rewizor.ru.
Оқи отырыңыз: "1941 жылдың жазы" әскери драмасы 21 сәуірде отандық кинопрокатқа шығады
Туынды стриминг платформаларына шыққаннан кейін, желіде бірден киносыншылардың да, қарапайым көрермендердің де пікірі пайда бола бастады.
"Сұм соғым жайлы көруге тұрарлық фильм. Негізінде қазақ жазушысының әскери өмірбаянынан алынған шынайы тарих жатыр. Ол екі жылдан астам уақыт Белоруссия ормандарында партизан отрядын басқарған. Фильмді көргенге дейін бұл туралы білмеппін. Фильмнің кейбір жерін мен үшін көру қиынға түсті, қөзге жас алмай қарау мүмкін емес", – деп көрермендердің бірі өз әсерін бөлісті.
Бұл Ұлы Жеңіске соғысына арналған алғашқы, шынымен де ауқымды қазақстандық көркем фильм. 1991 жылдан кейін Қазақстанда бұл тақырыпта тек кішігірім киножобалар мен телевизиялық сериалдар шығарылған. Танымал сценарист, кинодраматург Бекболат Шекеров үшін бұл фильм режиссерлік дебюті болды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-