Прямой эфир Новости спорта

Шәмші Қалдаяқовтың "Айша қыз" әнінің жазбасы Атырау архивінен табылды

Әннің сөзін ақын, жазушы Берқайыр Аманшин жазған.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахметтің ҚазАқпарат агенттігіне берген сұхбатында композитор Шәмші Қалдаяқовтың бұрын беймәлім болып келген әні қалай табылғаны айтылған.

Ғалым ның сөзінше, Шәмші Қалдаяқовтың ақын Берқайыр Аманшинмен бірге жазған "Айша қыз" әні бұрынғы облыстық "Социалистік құрылыс" (қазіргі "Атырау") газетінің 1959 жылғы 15 мамырдағы санында нотасымен жарияланған екен. Ол газет тігіндісін Атырау облыстық мемлекеттік архивінің қорынан таптым.

"Қазақтың өнерін, халық әндері мен композиторларының, оның ішінде Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы зерттеп жүрген Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақановқа хабарласқан едім. Өнер зерттеушісі Шәмшінің әлі де жарыққа шықпаған, тіпті жоғалып кеткен әндері барын айтты. Алайда, композитордың "Айша қыз" әнін естімеген. Бұл ән туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет қайраткері, Қазақ радиосының "Алтын қор" бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаевадан да сұрап көрдім. Ол бұл әннің алтын қорда жоқ екенін айтты", – дейді Аққали Ахмет.


Оқи отырыңыз: 


Шәмші Қалдаяқовтың "Айша қыз" әнінің сөзін ҚазАқпарат агенттігінің сайтынан оқуға болады.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары