Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи "алтынды" жеңіп алды

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы
Спортшыларымыз 97.92 ұпай нәтижесімен Азия рекордын жаңартты.

Харбин қаласында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында еркін стильдегі акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы синхронды секіру бойынша тарихи алтын медаль жеңіп алды.

Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов олимпиада чемпионы Ци Гуанпу бастаған қытайлық спортшыларды жеңіп, Қазақстан тарихында алғаш рет Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль еншіледі.

Сонымен қатар спортшыларымыз 97.92 ұпай нәтижесімен Азия рекордын жаңартты. Бұл қазақстандық спортшылардың фристайл-акробатикадан бүгінгі екінші жүлдесі. 

Еске салайық, бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола медаль иеленген болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз