Облыстық кәсіпорындардан сүт өнімдері Алматы дүкендеріне арзан бағада жеткізіледі.
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек азық-түлік нарығы бақылауда екенін мәлімдеді. Осы орайда, облыстық кәсіпорындардан сүт өнімдері мен пияз қаладағы дүкен желілеріне арзан бағада жеткізілмек. Мұнымен қатар, ведомство өкілі ішкі сауда субъектісінің сауда үстемесінің мөлшерін арттыру фактілері анықталған жағдайда ескерту жасалатынын айтты. Ал бір жылда бірнеше рет қайталанса, айыппұл салынады.
"Дүкендер мен жергілікті базарлардың сөрелерінде сүт бағасы тұрақтандырылады. Қала әкімдігі сауда желілерімен, тауар өндірушілердің ірі бірлестіктерімен ынтымақтастықта. Алматының базарлары мен сауда желілеріне тікелей жеткізу ұйымдастырылды", – деп сендірді Дамир Тазабек.
Сөз сөйлеу барысында ведомство өкілі әкімдік пен Алматы облысының кәсіпорындары арасында "JLC Сүт" өндірушісінің сүті мен сүзбесін "Магнум" сауда желісіне, "Naz-Dana" ШҚ пиязы мен "ТЖН және К" агрофирмасы өнімін "Тоймарт" және "Магнум" желілеріне, сондай-ақ, "Бірлік агрофирмасының" өнімдерін "Тоймарт" желісіне тікелей жеткізу туралы шарт жасалғанын айтты. Бұдан өзге апта сайын демалыс күндері Алматы қаласының барлық ауданында азық-түлік жәрмеңкелері өткізіліп, оған Алматы облысының жақын аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сондай-ақ, мегаполистің азық-түлік кәсіпорындары қатысады.
"2021 жылдың басынан бері 380 жәрмеңке өткізіліп, 40 млн теңгеден астам сомаға 5 мың тоннаға жуық өнім сатылды. Сондай-ақ, біз жыл сайын Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің кеңейтілген жәрмеңкелерін өткіземіз", – деп жалғастырды Дамир Тазабек.
Мысалы, қыркүйек айында Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі, сондай-ақ, қала күніне орайластырылған Apple Fest-2021 алма фестивалі өтті. Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары олардың ведомствосы негізгі базарларда, сауда желілерінде және "үй жанындағы дүкендерде" әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына 15% сауда үстемесін сақтау мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін хабарлады.
Ішкі сауда субъектісінің сауда үстемесінің мөлшерін арттыру фактілері анықталған жағдайда ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап әрекет жасаған жағдайда шағын бизнес субъектілері үшін – 10 АЕК, орта бизнес үшін – 75 АЕК және ірі бизнес үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұдан өзге жыл басынан бері Алматыда қарақұмық жармасына (361 тг/кг, 30 наурызға дейін жарамды), жұмыртқаға (487 тг/ондаған, 30 маусымға дейін жарамды) және қырыққабатқа (83 тг/кг, 15 қыркүйекке дейін жарамды) шекті бағалар белгіленді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
299
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
262
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
271
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
260
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
266
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
231
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
221
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
224
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
220
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
230
-
0
-
0
-