USD: 485.7 / 489.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Конго мен Угандада Эбола індеті өршіп тұр: ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
500-ден астам күдікті жағдай тіркелген.

Уганда билігі Эбола безгегінің таралуының алдын алу мақсатында 100-ден астам адамды карантинге жапты. Бұл туралы Report агенттігі хабарлады.

Мәлімет бойынша, оқшауланған азаматтар тұрақты медициналық бақылауға алынған. Дәрігерлер олардың денсаулығын бақылап, инфекция белгілерінің бар-жоғын үнемі тексеріп отыр.

Уганда билігі жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді. Ел үкіметі бұған дейінгі індеттермен күрес тәжірибесі қазіргі қауіпке жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазір індеттің негізгі ошағы ретінде Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Угандамен шекаралас Итури провинциясы аталып отыр.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы Эбола індетінің өршуіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған болатын.

Жергілікті денсаулық сақтау қызметтерінің деректеріне сәйкес, Конгода 500-ден астам ықтимал инфекция жағдайы тіркеліп, 130-дан астам адам қайтыс болған. Ал Угандада әзірге Эболаның бір расталған жағдайы мен бір өлім фактісі анықталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз