Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғары Сот кеңесі басшыларын қайта тағайындады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Олардың бәрі де өз қызметінде қалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Жоғары Сот rеңесі басшыларын қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2023 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінде қалды. Ол аталған лауазымды 2022 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

Дмитрий Малахов Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.

Сондай-ақ vемлекет басшысының жарлығымен Артур Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінде қалды. Ол бұл лауазымды 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау