"Өнер" көкпарына жалпы саны 9 команда қатысады.
2021 жылдың 26 маусым мен 5 шілде аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап "Көкпар" федерациясының республикалық турнирі өтіп жатыр. Сондай-ақ, 3, 4 шілде күндері "Өнер" көкпары мен "Елбасы кубогы" республикалық турнирлері басталады. Жарысқа барлық өңірдің спортшылары мен 100-ге жуық сәйгүлік қатысады. Бұл туралы "Ұлттық спорт түрлері" қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан хабарлады.
Мұндай клубтар арасындағы федерация турнирі елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 13 команда келеді. Ұйымдастыру мен жүлде қорына 12 млн теңге бөлінді.
"Нұр-Сұлтан қаласы "Қазанат" ипподромында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың баршасын сақтай отырып спорттық іс-шараларымызды өзімізше жүргізіп жатырмыз. Өнер жұлдыздары арасындағы республикалық турнир жобасын әнші Досымжан Таңатаров қолға алды. 2018 жылы "жұлдызды" көкпарға екі команда дайындаймыз деп жүрген жерден Досымжанның жақсы ұйымдастыруының арқасында 9 команда шығып отыр. Негізі 10 команда болуы керек еді. Атырау облысының командасы үлгермей қалды", – деді Бекболат Тілеухан.
"Өнер" көкпарының жүлде қорына "Бәйге" федерациясының президенті Нұрбол Назарбаев 21 млн теңге бөлді.
Сондай-ақ, қауымдастық президенті биыл бірінші рет "Елбасы" кубогына Қостанай тұқымды жылқы – күреңнің қатысатынын айтты. Үш түрлі қашықтықтағы бәйге өтеді:
- 9 шақырымдық құнан бәйге;
- 16 шақырымдық кіші аламан бәйге;
- 25 шақырымдық аламан бәйге.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-