Жыл басында садақ ату өнері ұлттық ойындар қатарына ресми түрде қабылданды.
Садақ атуды гольф тәрізді дәулетті адамдардың сүйікті ойынына айналдыру қажет, дейді Павлодардағы "Тұран" садақ ату орталығының жетекшісі Аман Егінбай. Ол бұл туралы "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында айтты.
Ол садақ ату өнерін ұлттық кинофильмдерден көріп қызығып, өзі де ұлттық спортты дамытуға ден қойған. Дәстүрлі садақ ату федерациясынан жауынгерлік өнерді үйреніп, қаладағы қымызхана жанынан садақ ату орталығын ашқан. Алайда орталық ашық ауада орналасқандықтан, тек күн жылы мерзімде ғана жұмыс істей алады. Алайда орталық жетекшісі түсетін табыс көлемі де мәз емес екенін айтады. Бар түскен қаражатты нысана материалдары мен жебе сатып алуға жұмсайды. Себебі, бір жарыстың өзінде кемі 2-3 жебе сынып, бірнеше нысана пайдаланылады.
"Садақ атуды гольф тәрізді дәулетті адамдардың сүйікті ойынына айналдыру қажет. Себебі енді ғана өріс ала бастаған мергендік өнерді өркендетуге қаражат құю қажет. Мемлекет тарапынан да зор қамқорлыққа сұранып тұр", – дейді Аман Егінбай.
Аман Егінбай алдағы уақытта өңірден дәстүрлі садақ ату федерациясының филиалын ашуды армандайды.
Читайте также:
- "Садақ ату да – физика". Қазақстанда сұрмергендер қалай дайындалады?
- "Ғимарат жалдау қымбат". Қостанайда садақ ату мектебі мешітті паналап отыр
Айта кетейік, жыл басында садақ ату өнері ұлттық ойындар қатарына ресми түрде қабылданды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
271
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
329
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
296
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
296
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
303
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
283
-
0
-
0
-