Құсбегілер арасында XVI чемпионат өтті.
Атырау облысы, Жаңаталап ауылында қазақтың дәстүрлі спорты құсбегіліктен ересектер арасында XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Үздік көрсеткіштерге ие болған жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды, деп хабарлады республикалық "Құсбегілік" федерациясының баспасөз қызметі.

Жарысқа Қазақстанның 14 облысынан 50-ге жуық спортшы, қатысып, 31 бүркіт, 11 қаршыға, 10 ителгі бәсекеге түсті.
Ересектер арасында бүркітшілер сайысы бойынша Қарашолақ атты құсты баптаған Күнтуған Арманбек жеңімпаз атанды. Екінші орын Абай облысынан келген Ерзат Байқадамовқа, үшінші орын астаналық Күнтуған Серікбек пен атыраулық Арман Қошқаровқа бұйырды.

Қаршығаны қолға шақырудан Түркістан облысының өкілі Дәурен Аршабай бас жүлдені иеленді. Жүлделі екінші орынға Бағдат Кеуенов ие болса, үшінші орынды елордалық Серікбек Күнтуған мен Құдайберген Рауильұлы өзара бөлісті.

Ал ителгі салудан Ақмола облысынан келген Ерлан Кенжетаев оқ бойы үздік шықты. Жамбыл облысының намысын қорғаған Бақдәулет Бабажан екінші орынға, Түркістан облысын бастаған Ибрагим Базарбаев пен Бағдат Кеуенов үшінші орынға тұрақтады.

Командалық есепте Түркістан облысының құсбегілері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде қанжығылап, көш бастады. Астана қаласы және Ақмола облысының өкілдері екінші және үшінші орындарға жайғасты.

"Құсбегілік ұлттық спорты қазақ тарихында тамыры тереңге тараған еліміздің төл мәдени құндылығы болып саналады. Негізгі мақсат – ата дәстүрді дәріптеп, сан ғасырдан бері әдет-ғұрыпқа сіңісті болған дара өнерді бұқаралық спортқа айналдыру, сондай-ақ әлемдік деңгейге көтеріп, саяхаттап келуші туристердің қызығушылығын туғызатындай дәрежеге жеткізу", – деп жазылған хабарламада.

Чемпионатты Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, республикалық "Құсбегілік" федерациясы мен Атырау облыстық әкімдігінің ұйымдастырды.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-