Тікелей эфир

Қандай көліктерді "250 мың теңгелік акция" аясында заңдастыруға болмайды?

Көліктерді заңдастыру әлі басталған жоқ, әзірге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев президенттің 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қазақстанға әкелінген автокөліктерді жеңілдікпен заңдастыру жөніндегі тапсырмасы бойынша түсініктеме берді.

Оның айтуынша, қазір уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар заңнамалық актілерге азаматтарға әкелінген шетелдік автокөліктерін өздері үшін қолайлы жағдайда заңдастыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіп жатыр. Заңдастыру ісі тек содан кейін қолға алынады.


Оқи отырыңыз: Елге әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бір жолғы 250 мың теңгелік жарна енгізіледі


Жандос Мұратәлиев, сондай-ақ, қандай көліктер бір реттік акция аясында заңдастырылмайтынын түсіндірді. Олар:

  • Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер;
  • криминалдық есеп бойынша іздеуде жүрген, заңдық немесе сот тарапынан шектеулері бар көліктер;
  • бұрын тіркелген елдегі есептен белгіленген тәртіппен алынбаған көліктер;
  • басқару органдары оң жақта орналасқан көліктер;
  • тіркеуден немесе толық кедендік тексерістен өтпеген, иелерінің тіркеу және құқық белгілейтін құжаттары жоқ автокөліктер.

Мұны анықтау мақсатында көлік туралы ақпарат бұрынғы тіркелген елдердің құқық қорғау және кеден органдарымен салыстырылады.

Еске салайық, қазақстандық автосарапшылар бұған дейін автокөлікті жеңілдікпен тіркеу акциясын 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынған болатын.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға заңсыз әкелінген көліктерді тіркеу акциясы көлік тапшылығын жоя ма?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары