Бұл жарна билығы 1 қыркүйекке дейін елге заңсыз әкелінген көліктерге қатысты қолданылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында елге заңсыз жеткізілген көліктерді заңдастыру үшін бірыңғай жарна енгізуді ұсынды.
"Бұдан былай көліктерді елге әкелудің барлық заңсыз жолын жабу үшін қатаң іс-шаралар қабылдау қажет. Онымен қоса биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінген осындай автокөліктер бойынша жағдайды реттеу керек", — деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Президент мұндай көліктерді заңдастыру үшін утиль мен алғашқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада біржолғы бірыңғай жарна енгізуді ұсынды.
"Бұл іс-шара іздеуге жатпайтын және кедендік "тазартудан" өткен автокөліктерге қатысты болуға тиіс", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
lw-3094948329-1
USD:
505.9 / 509.9
EUR:
590.5 / 596.5
RUB:
6.31 / 6.45