Тікелей эфир

Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. Жаңалықтарға шолу

Informburo.kz иллюстрациясы
Informburo.kz иллюстрациясы
Халыққа қызмет көрсету орталық қызметкерлерінің жалақысы өсті. Алдағы күндері -45 градусқа дейін аяз болады.

Өрттен бес бала опат болды

Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан уақытша баспанада болған. Өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 02.34 кезінде жеткен. Өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірген. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған. Олардың ата-аналары түнгі жұмыста болыпты.

Зардап шеккен отбасыға əкімдік көмек көрсетеді. Астана қаласының əкімі Б.Сұлтанов қайғылы оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар департаментіның жұмысын сынға алды.

Халыққа қызмет көрсету орталық қызметкерлерінің жалақысы өсті

Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы қызметкерлердің жалақысы 3 қаңтардан бастап 15 мың теңгеге, облыс орталықтарындағылардікі 10 мың теңгеге, басқа қалалар мен өңірлердегі қызметкерлер жалақысы 5 мың теңгеге көтерілген. Сала мамандарының жалақысы 2012 жылдан бері өзгермеген екен. Электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі артып,көп жұмыс компьютер арқылы жасалады. Дегенмен, орталық қызметкерлерінің санын қысқарту жоспарда жоқ.

2040 жылға қарай обырға шалдыққандар саны екі есеге артады

Немістің Онкология Ғылыми зерттеу институтының жетекшісі, профессор Михаэль Бауманн осылай мəлімдеді. Былтыр әлемде 18 млн адам осы ауруға шалдыққан. 4 ақпан – дүниежүзілік ракқа қарсы күрес күні.

Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады

Халықаралық əйелдер мерекесіне орай 8-10 аралығында 3 күн, Наурыз мерекесіне орай 21-нен 25-не дейін бес күн демалыс.

Халыққа берілген несие мөлшерлемесі былтыр екі пунктке төмендеген

Несиенің пайыздық мөлшерлемесі 2018 жылы 19,2%-дан 17,2%-ға төмендеген. Ал, жылдық инфляция көлемі 1,8%-ға түскен. Бұл туралы қаржыгерлер қауымдастығынан хабарлады. Өткен жылы 13,5 трлн теңгеге жаңа несие берілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектор марапаты

Қызметтік борышын адал атқарып,ерлік көрсетіп, жанын қиған "Охотзоопром" кəсіпорнының инспекторы Е. Нұрғалиев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Әріптесімен браконьерлерді тоқтатпақ болған инспектор Петр Ницыкке де Президент жарлығымен дәл осындай орден берілді.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Baq.kz: Алдағы күндері -45°С дейін аяз болады. Синоптиктер 5-7 ақпан аралығында күннің қатты суытып, кей облыстарда -45°С дейін аязды болжайды. Қазақстанға арктикалық ауа массасы таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарына -35…45°С қатты аяз әкеледі. Бұл оңтүстік облыстарға дейін таралып, мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22…30°С дейін төмендейді.

Kaztrk.kz: Жемқорлыққа қарсы іс қимыл Ұлттық бюросы қызметкерлерінің жалақысы еке есеге көбейді. Орташа алғанда сала қызметкерлерінің айлығы 350-450 мыңға жетті. Қазір мекемедегі трансформация процесі бойынша кадр, заң және қаржы-шаруашылығы қызметі орталықтандырылады. Нәтижесінде, әкімшілік шығындар 1 миллиард теңгеге қысқарып, бұл қаржыға 1120 қызметкердің жалақысы өсті.

Inform.kz: Былтыр 37 мың адам автокөлік жүргізу құқығынан айрылған. Былтыр 25 мың автокөлікті мас жүргізу дерегі анықталған. Бұдан бөлек жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін сот 3,2 мың адамды әкімшілік қамауға алды. 171 жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзғаны тіркелген.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары