Тікелей эфир

Астанада үсік шалған 14 адам ауруханаға түсті. Жаңалықтарға шолу

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
Beeline мұғалімдерге арналған жаңа тарифті іске қосты. Демалысқа дейін еліміздегі аяздың беті қайтпайды.

Доллар төрт теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясында АҚШ валютасы орташа есеппен 375,81 теңгеге бағаланды. Еліміздің валюта айырбастау бекеттерінде доллар 375-376 теңгеге сатып алады.377,5-378 теңгеге сатылып жатыр.

Өзбекстанда тəуелсіздік алғаннан бері бірінші рет халық санағы өткізілмекші

Халық санағы бұл елде осыдан 30 жыл бұрын 1989 жылы өткізілген. Ел президенті Шавкат Мирзиеёв 2022 жылы халық санағын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

ЮНИСЕФ балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырды

Қор Қазақстанның мемлекеттік органдарын өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау үшін қажетті шараларды жүзеге асыруға үндеді. Бес баланың өмірін қиған Астанадағы өрт сияқты жағдай қайталанбас үшін бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілуі тиістігін алға тартты.

Астанада үсік шалған 14 адам ауруханаға түсті

Күннің күрт суытуынан, аяздан зардап шеккендердің 10-ы - ересек адам, 4-уі - бала. Арасында екі жастағы сəби бар. Дəрігерлердің айтуынша, қазір оның жағдайы орташа.

Қостанай облысында қатты аяздан екі əйел үсіп өлді.

Балалар стоматологиялық емханаларын алдын ала ескертпей тексергенде ғана нәтиже болады

Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп мəлімдеді. Қазақстанда 146 655 баланың тісжегісі бар екені анықталған. Ауру көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 29,8 адамнан келіп тұрды. Өткен жылы тексерістер кезінде 46 заң бұзушылық анықталып, 1,16 млн теңге айыппұл салынған. Негізгі тәртіп бұзушылықтар дезинфекцилық стерилдік тәртіптің сақталмауы, медициналық қалдықтарды жою және тазалық жұмыстары жүргізілмеуімен байланысты. Заңнама бойынша құзырлы орган тексерерден 30 күн бұрын клиникаға ескерту қажет. Бұл норма тексерістің нәтижесіне теріс әсер етіп жатыр. Осыған орай Министрлік заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынды.

Beeline мұғалімдер үшін айына 1190 теңге тұратын тарифті іске қосты

"КЛАССНЫЙ" аталатын жаңа тариф тек орта білім беру мекемелерінің жұмысшыларына арналған. Тариф бойынша желі ішінде қоңырау шалу тегін, ҚР барлық қалалық жəне басқа да байланыс нөмірлеріне 40 минут сөйлесу, сондай-ақ 200 SMS жəне 7 гигабайт интернет трафик беріледі.

Қазақстанда тұңғыш рет жүрекке ерекше ота жасалды

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың Юрий Пя бастаған кардиохирургтер командасы Чехия, Израиль, Италия және АҚШ-тан келген серіктестерімен бірігіп, қосалқы қанайналым құрылғысын имплантациялау отаны сәтті өткізді. Дилатациялық кардиомиопатия диагнозы қойылған 24 жастағы И.Тұрсыновтың жағдайы жақсы: күнделікті шаруалардан бөлек, спортпен айналысып, суға жүзе алатын болды.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Демалыс күндеріне шейін еліміздегі аяздың беті қайтпайды. 7-9 ақпанда республиканың басым бөлігінде аномалды суық ауа райы сақталады. Атмосфералық ағындардың шығысқа қарай ығысуына байланысты елімізде қайтадан қар жауады, батыстан күшті жел келеді жəне боран соғады, температураның жоғарылауы күтіледі.

Baq.kz: Fly Arystan билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды. Түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Бір апта бұрын алсаңыз - бір баға, үш күн бұрын алсаңыз - басқа баға. Fly Arystan билеттері Қазақстан бағыттары бойынша шамамен 40-45 доллар болады. Fly Arystan билеттерін наурыз айының басынан сатып алуға болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары