Тікелей эфир

Шардарадағы демалыс орындары көңілден шыға ма? Мұнда қалай демалуға болады?

Сурет автордыкі
Сурет автордыкі
Туризмді дамыту – жергілікті билікке жүктелген негізгі міндет. Тек сапалы қызмет көрсету арқылы шетелдіктерді тартамыз. Шардарада бұл жағы қандай?

Шымкент пен Шардараның арасы – 3 сағаттық жол

Шымкенттегі "Дархан" автобекетінде Шардараға баратын спринтер көліктері тұрады. Бағасы – 1500 теңге. Жол ұзақтығы – 250 шақырым. Пойызбен алыстан келетіндер Арыс стансасынан түсіп, Шардараға дейін 180 шақырым жүріп, таксимен тез жетеді.

Шардараның автобекетінен түскенде, мұнда "Жағалау!" деп шулап тұратын таксиді көрмейсіз. Келетіндер өз көлігімен барады. Арнайы такси шақырттық. 19 шақырым қашықтағы "Алтын жағалауға" 1500 теңге сұрады. Бір-екі адамға көлден қайтқан кісілермен қалаға жету оңайырақ. Болмаса, такси шақырасыз.

Мұрат есімді таксист жігіт алдымен қаладан 4-5 шақырымдағы жарқабақтың түбіндегі жағажайға апарды.


Кіру ақылы. Бірақ, тапшаннан басқа қызығарлық нәрсе жоқ екен.

Кіру ақылы. Бірақ, тапшаннан басқа көз тоқтатар нәрсе жоқ / Сурет автордыкі



Әріректегі жергілікті тұрғындардың шомылатын орны сияқты. Маңайында сиыр табыны жатыр

Әріректегі жергілікті тұрғындардың шомылатын орны сияқты. Маңайында сиыр табыны жатыр / Сурет автордыкі


Қонуға келсеңіз жағажайға жақын қонақ үй таба аласыз.


Қона келсеңіз жағажайға жақын қонақ үй таба аласыз

Жағажаймен арасы 500 метр / Cурет автордыкі


Ашылғанына екі жыл болған қонақ үйдегі екі адамдық бөлмелер 8, 15, 20 мың теңге көлемінде.


Тәулігі сегіз мың тұратын бөлме

Тәулігі сегіз мың тұратын бөлме / Cурет автордыкі


Қонақ үйді қалтаңыз көтермесе, ауласына қонуға болады. Тапшанға.


вава

Қонақ үйдің ауласы жағалай тапшан / Cурет автордыкі


Мынадай тапшанды таңнан кешке дейін бес мың теңгеге жалға алуға болады. Отбасыңызбен келсеңіз, ең тиімдісі.


Мынадай тапшан таңнан кешке дейін бес мың теңге

Егер кешкісін қонатын болсаңыз таңға дейін тапшанды тағы 5 мың теңгеге жалға аласыз / Cурет автордыкі


Демалушыларға ас-ауқатын қоса әкелуге рұқсат.


Демалушыларға бұл ыдыстарды да жалға береді

Демалушыларға бұл ыдыстарды да жалға береді / Cурет автордыкі


Ал, тапсырыс берсеңіз, төрт кісілік тамақтың порциясы 3 мың теңге. Сорпалы тамақтың орта кесесі 1 мың теңгеден.


Демалушылар үйінен тамақ әкеліп, осында істейді

Демалушылардың көбі үйінен тамақ әкеліп, осында істейді / Cурет автордыкі


"Алтын жағажай" атына заты сай болмай тұр

"Алтын жағажай" деп аталатын жағалауда қарапайым тұрғындарға арналған екі-үш жағажай бар. Сосын қалталыларға арналған бірнеше демалыс аймақтары орналасқан. Алдымен көпшілік түсетін орынға беттедік. Жағажайға кірерде әр көлікке 500 теңге алады.

Көлге дейінгі құм төселген аралықта күнге қыздырынатын жері кең болғанмен, тазалық жоқ. Бір шетте үйілген баклашкалар.


Қоқыстың арғы жағында демалушы күнге қыздырынып жатыр

Қоқыстың арғы жағында демалушылар күнге қыздырынып жатыр / Cурет автордыкі



Жол салуға дайындаса керек

Жол салуға дайындаса керек / Cурет автордыкі



Жағажай емес, қараусыз қалған жердей ыбырсып кеткен

Жағажай емес, қараусыз қалған жердей қоқып кеткен / Cурет автордыкі



Қызығып, жаяу жүргіміз келіп еді, шиша сынықтарын көрдік

Қызығып, жаяу жүргіміз келіп еді, шиша сынықтарын көрдік / Cурет автордыкі



Лас көріністен соң көлге түсуге жиіркенесіз

Қоқыс толы, лас жерді көрген соң көлге түсуге жиіркенесіз / Cурет автордыкі



Құйылмалы балмұздақ, көктейль, тәтті сусын ғана сататын кішігірім екі дүкен бар

Құйылмалы балмұздақ, коктейль, тәтті сусын ғана сататын кішігірім екі дүкен бар / Cурет автордыкі



Аптаның ортасы болса да халық көп

Аптаның ортасы болса да, халық көп / Cурет автордыкі


"Қазақ" десең өзіңе тиеді

Құмның ыстығынан терлеп отырған демалушы кеше кешкісін жағажайда сиырдың қаптап жүргенін айтты.

– Біреулері көлік жуып жатты. Катермен катер соғысып қалды. Осындағы сатушылар жақын тұрған әжетханаға баруға еріне ме, санитарлық тазалықты сақтамайтынын көріп, жиіркендік. Демалушыларға қызмет көрсету мәдениеті төмен.

– "Қазақ" десе, өзіңе тиеді, намысың келеді. Осы кемшіліктерін айтсақ, қарсы шығады.


Аптаның ортасы болса да халық көп.

Бөтелкелер аяқ астында жатыр / Cурет автордыкі


– Өзіміз қашып жатқанда сырттағы туристер қайдан келсін? Техника қауіпсіздігі сақталмаған. Адам шомылып жатқан жерде моторлы техникамен жүреді. Қаншама балалар шомылып жүр. Бұлар да осы демалушылар есебінен күн көретіндіктен, ақшасына сай жағдай жасау керек қой. Шардара – Қапшағай сынды Қазақстанның демалатын ең жақсы көлінің бірі. Түркияны көп мақтайды. Кез келген түріктен білімім, ақылым артық. Бірақ маған осылай қызмет көрсетсе бұл менің кемшілігім емес шығар, – дейді ашынған төлебилік аға.


"Бананмен" серуендегісі келген балалар

"Бананмен" серуендегісі келген балалар / Cурет автордыкі


– Тапшанның ақысы жағдайы төмендер үшін қымбат. Арзаны – екінші ауладағы ескірген кілемдер мен көрпелері бар тапшандар, 4 мыңнан. Не шәйнек, не ыдыстары жоқ, ыстық тамақ істейтін газ балоны болу керек. Оны да таппайсыз. Душтың жоғын айтпай-ақ қояйын, – деп ашуланды отбасымен келген әйел.


Төрт мың теңгелік тапшандар

Төрт мың теңгелік тапшандар / Cурет автордыкі


Демалыс деген аты болмаса, қалтаны қағады

Баға жайлы көп жазды демессіздер, келушілерге құлаққағыс жасағанымыз. Өйткені, көпшілік отбасымен келеді. Ал балаға бәрі таңсық. Су бетінде қалқып жатуға арналған матрацтардың үлкені сағатына 1000-1500, балаларға 800-500 теңге.


Су бетінде қалқитын матрац

Су бетінде қалқитын матрац / Cурет автордыкі



Катерге арқанмен байланған бананға ұқсайтын су отырғышына мініп серуендеу үшін 2000 теңге бересіз.

Катерге арқанмен байланған бананға ұқсайтын су отырғышына мініп серуендеу үшін 2000 теңге бересіз / Cурет автордыкі


Ал, көлді бір айналып келетін қайық қызметі 3 мың теңге. Көлдің ортасына дейін баратын "тапшан" да бар. Жарты сағатқа 8 адамға 4 мың теңге.


Көлдегі тапшан

Көлдегі тапшан / Cурет автордыкі


Балаларға белге кигізетін балондарды қаладан өзіңіз алып шықпасыңыз, мұнда бағалары жоғары.


Бөтелкемен ойнап отырған қыз

Бөтелкемен ойнап отырған қыз / Cурет автордыкі


Жағажайда әжетхана мәселесі өзекті...


Бірі ескірген, екіншісінің сыртын матамен қоршаған екі "әжетхананы" көрдік

Сыртын матамен қоршаған екі "әжетхананы" көрдік / Cурет автордыкі



Ал кейбіреулер жыңғылдың арасына кетіп бара жатты...

Әжетін өтегісі келгендер жыңғылдың арасына кетіп бара жатты... / Cурет автордыкі



Былтыр әкімдік есебінен салынса керек, жаңа әжетхана соғылғанмен, сол бойы ашылмаған

Былтыр әкімдік есебінен салынса керек, жаңа әжетхана соғылғанмен, сол бойы ашылмаған / Cурет автордыкі



Келушілердің өздері де тазалықты сақтамайды

Келушілердің өздері де тазалықты сақтамайды / Cурет автордыкі


Жағалауда екі тәртіп сақшысы жүрді. Олар қалайша мына салақтыққа бей-жай қарайды екен дейсің. Ал халыққа қауіпсіздікті сақтау ережесін айтатын мамандарды байқамадық.


Киім ауыстыратын орын

Киім ауыстыратын орын / Cурет автордыкі



4-5 мың теңгелік тапшан сатып алсаңыз, ауласында мынадай киім ауыстыратын орындар бар

4-5 мың теңгелік тапшан сатып алсаңыз, ауласында мынадай киім ауыстыратын орындар бар / Cурет автордыкі


Жағдайы жасалмаған демесеңіз, көлдің суы жылы, шыққың келмейді. Сосын ыстық құмға қыздырына отырып, терлегенге не жетсін?!


Тазалық жоқ жерде тамақ та Шардара суына шайылып жатыр

Тазалық жоқ жерде ыдыс аяқ та Шардара суына шайылып жатыр / Cурет автордыкі


Арзан жерден түңілсеңіз, қымбатын табуға болады. Қалтаңыз көтерсе

Орташа тұрмысы бар халыққа әзірге таңдау жоқ. Ал, мұндағылардың аузынан түспейтіні – демалыс аймағында екі ересек пен екі балаға шақталған екі бөлмелі шағын үйлер. Жалға алу құны дүйсенбі-бейсенбіде тәулігіне 20, жұма-жексенбі күндері 25 мың.


"Golden Beach" – жағажайдағы ең қымбат демалыс аймағы

Жағажайдағы ең қымбат демалыс аймағы / Cурет автордыкі



25 мыңдық демалыс үйі

25 мыңдық демалыс үйі / Cурет автордыкі


Таңғы асы тегін. Бірақ, демалушыларға өзімен сусын және тамақ әкелуге тиым салынған. Осы жерден түстікті 5 мың теңгеге ішуге болады. Кешкісі де солай.


Балалар ойнайтын алаңша

Балалар ойнайтын алаңша / Cурет автордыкі


Тәулігіне 100 мың теңгелік люкс, 50 мыңдық жартылай люкс бөлмелер бар. Аптаның алғашқы төрт күнінде алғашқысы 80, кейінгісі 40 мың теңге болады. Көлді тамашалағыңыз келсе, 5-6 адам бірігіп бір катерді сағатына бес мың теңгеге жалдай аласыз. Скутермен серуендеу де осы шама. Егер қонбай, тек бассейн мен жағажайына келсеңіз, әр адамға 5 мың теңге төлейсіз.

Сапалы қызметтің бағасы да қымбат


Мына демалыс аймағына күндіз демалуға келетіндер кісі басына 3 мың төлейді.

Мына демалыс аймағына күндіз демалуға келетіндер кісі басына 3 мың төлейді / Cурет автордыкі


Өзіңізбен тек жеміс-жидек әкелуге рұқсат бар. Тамақты осы жерден ішесіз.


Тәулігіне 70 мың теңге тұратын люкс бөлме

Тәулігіне 70 мың теңге тұратын люкс бөлме / Cурет автордыкі



Жеке шағын үйлері 25 мың

Жеке шағын үйлері 25 мың / Cурет автордыкі


Бұдан басқа екі, төрт адамдық бөлмелері 20 мыңнан басталады. Жартылай люкс 50, толық люкс бөлмесі 70 мың. Қонатындар үшін таңғы асы тегін. Бір түстігіңізге екі-үш мың кетеді.

Екі демалыс аймағында да ән айтып, кешкісін би билейтін шағын алаңдары бар.


Тапшандары да таза???

Мұнда тапшандар тегін / Cурет автордыкі


Демалушылар саны көбейсе ғана ұшақ қатынауы мүмкін

Кезінде қалада кіші авиация қызметі жұмыс істеген. Сол әуежай орыны сақталып, аудандық коммуналдық меншікке өткен. 2015 жылы Шымкент – Шардара бағытына жарты сағатта ұшақпен жетуге болатын әуежай ашылмай, аяқсыз қалды.

Егер Шардара қаласына келушілердің саны науқан кезінде 150 мың адамға жетсе, аудан басшылары әуежайды ашатындарын айтады. Жағажайдың қазіргі санитарлық жағдайын ескерсек, бұның жуық арада іске асатынына күмән мол.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары