Шерзат Полат ісі: кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Тоқтаубаев пен Қалиахметтің шағымы қанағаттандырылмады.

Талғарда қаза тапқан Шерзат Полат ісі бойынша кассациялық сот шешімі шықты. Сотта айыпталушылар Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметтің кассациялық шағымдары қаралды.

Кассациялық сот мәліметінше, 2024 жылғы қазан айында олар топтық төбелеске қатысып, жәбірленушілерге күш қолданған. Тергеу деректерінде пышақ қолдану және тас лақтыру фактілері де көрсетілген.

Оқиға барысында зардап шеккендердің бірі есінен танып қалған. Осы сәтті пайдаланған Азамат Тоқтаубаев оның ұялы телефонын жасырын алып, басқа қатысушылармен бірге оқиға орнынан кеткен. Айыпталушылар сотта өз кінәларын мойындамай, тағылған айыптарды жоққа шығарған. Алайда кассациялық сот олардың уәждерін негізсіз деп таныды.

Сот алқасы екі сотталушының да топ құрамында әрекет етіп, төбелеске белсенді қатысқанын растады. Нәтижесінде сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.

Азамат Тоқтаубаев бұзақылық пен ұрлық үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған, ал Дидар Қалиахмет бұзақылық бабы бойынша жеті жылға сотталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз