Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге көшті. Құрылысқа кімдер атсалысты

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Шерзаттың отбасы жаңа баспанада тұра бастады.

2024 жылы Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге көшті. Қуанышты жаңалықты Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың отбасылық адвокаты Мейірман Шекеев жариялады.

"Үйдің салынуы да, Шерзаттың ісі бойынша әділ үкім шығуына да халық тілектес болды. Осы қуанышты сәтке жеткенімізге көпшілік себепші. Үйдің салынуына атсалысқан Асқар бауырыма және "Асаруме" қорының басшысы Асхатқа үлкен алғыс. Бұл үй шаттыққа толы болсын", – деді Шекеев.

Адвокаттың айтуынша, үй салу үшін халықтан ақша жинайық деген ұсыныстар көп болғанымен, Шерзаттың әкесі халықтан қаржы қабылдаудан бас тартқан. Үйдің құрылысына демеушілер көмектескен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз