Қазақстанда 15 сәуір күні радио мен телевидение уақытша өшіріледі. Бұл туралы "Қазтелерадио" хабарлады.
Компания мәліметінше, 15 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт аралығында ел аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы толықтай тоқтатылады.
"Қазтелерадио" тоқсан сайын осындай техникалық жұмыстарды жүргізетінін атап өтті. Бұл шаралар телерадио хабар тарату сапасын жақсарту және жабдықтарды жаңғырту үшін қажет.
Сондай-ақ жоспарлы жұмыстар кезінде қосымша техникалық жаңарту шаралары да жүзеге асырылады. Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуды сұрады.
USD:
469.9 / 472.9
EUR:
552.5 / 557.5
RUB:
6.01 / 6.13