USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгерді: енді емтиханды шексіз тапсыруға болады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Емтиханды 10 күн аралықпен қайта тапсыруға болады.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді. Енді азаматтар емтиханды бұрынғыдай үш рет тегін ғана емес, ақылы негізде шексіз тапсыра алады. Жаңа ережелер Қазақстан Үкіметі тарапынан бекітілді.

Бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев төрағалығымен өткен кеңесте қаралған.

Кеңес барысында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген өзгерістер талқыланып, қабылданды. Жаңа нормалар жүргізуші куәлігін алу рәсімінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Енді емтиханнан сүрінген азаматтар оны ақылы негізде, әр талпыныстың арасында кемінде 10 күн үзіліс сақтай отырып, шектеусіз қайта тапсыра алады.

Бұған дейін жүргізуші куәлігін алу үшін үш тегін мүмкіндік қарастырылған еді: алғашқы екеуі бір күн аралықпен, ал үшіншісі 30 күннен кейін берілетін. Осы мүмкіндіктер таусылған соң үміткерлер қайта оқудан өтуге міндетті болатын.

Жаңа өзгерістер бұл талаптарды жеңілдетіп, рәсімді анағұрлым қолжетімді етеді деп күтіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз