Тікелей эфир

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Ол 2020 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған.

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Өңір әкімі облыстық мәслихат отырысында сайланды. Облыс басшылығына Ералы Тоғжановпен қатар Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидатурасы ұсынылған болатын. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша Ералы Тоғжанов 104 дауысқа (65%) ие болды. Ол президент жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Ералы Тоғжанов. Фото: informburo.kz

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде құқықтану, ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтынад заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған.

2020 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған.


Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды


 

Серіктестер жаңалықтары