Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Президент Өмірзақ Шөкеевтің отставка туралы өтінішін мақұлдады.

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімін тағайындады.

"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын", – деп жазылған президент бұйрығында.

Дархан Сатыбалды. Фото: Газета.uz

Айта кетейік, 24 тамызда облыстың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев қол астындағы қызметкер, Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш жазған.

Дәурен Махажанов ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз