Тікелей эфир

Асхат Шахаров Ақтөбе облысының жаңа әкімі болып тағайындалды

Бүгін тағы бірнеше өңірге жаңа басшы келеді.

Ақтөбе облысында 60 жастағы Ералы Тоғжановтың орнына жаңа әкім тағайындалды.

"Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген хабарламада. 

Ақтөбе облысының жаңа әкімі Асхат Шахаров

Бүгін, 5 қыркүйекте, Қазақстанның төрт облысының мәслихаттарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша депутаттардың жиналысы өтіп жатыр. Ақтөбе облысы мәслихатындағы жиналыс сағат 13.00-ге жоспарланған болатын. 


Оқи отырыңыз: Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды


Экс-әкім Ералы Тоғжанов өңірді 2022 жылдың 31 тамызынан бері басқарып келді. 

 

 

Серіктестер жаңалықтары