Тікелей эфир

Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Бұған дейін бұл қызметті Нұржан Нұржігітов атқарды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысын басқарады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев / Фото: Informburo.kz

Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстанның төрт облысының мәслихаттарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша депутаттардың жиналысы өтіп жатыр.

Жамбыл облысында депутаттар облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін сағат 11.00-де жиналды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды


Ербол Қарашөкеев 2023 жылғы 4 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған еді. 

Еске салсақ, облыстың экс-әкімі Нұржан Нұржігітов бір күн бұрын Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары