Компания басшысы оның себебін қаңтар оқиғасымен байланыстырып отыр.
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен үй салып жатқан 160-қа жуық құрылысшы жұмысты тоқтатты. Олар ақпан мен наурыздың жалақысын әлі алмадық деп шағымданып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жұмысшылардың айтуынша, компания басшылығы осы күнге дейін құрғақ уәдемен алдап келген. Компанияның жұмысшыларға берешегі 44 миллион теңгеге жетті.
"Айлық бермесе, қашанғы жұмыс істейсің? Күте-күте шаршадық", – деген жұмысшы Адай Сәрсенбаевтың сөзін өзге жұмысшылар да қуаттап отыр.
"Екі ай бұрын айтқанда "шамалы шыдаңдар" деді. Бірақ, шыдамның да шегі бар ғой. Бала-шаға, отбасын асырау керек", – дейді жұмысшы Жасұлан Қалжанов.
Оқи отырыңыз: 2024-2025 жылдары Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы болуы мүмкін
Компания өкілдері жалақының кешіктірілуіне бюджеттен түсетін қаражаттың кешігуі себеп болғанын айтты. Құрылысы жүріп жатқан 5 үйдің бәрі де мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатыр. Сәйкесінше, құрылысқа қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сол бөлінген ақшаны бекітуге міндетті мәслихат сессиясы уақытынан кеш өткен.
"Жалақының кешігуі жылдың басында болатын нәрсе. Биыл қаңтар оқиғасына байланысты созылып кетті. Жұмысшыларға қаңтар айының жалақысын бердік. Енді ақпан мен наурыз айы қалып тұр. Осы аптада қарыздарды жабамыз", – деді "Ақтөбе Сәулет" ЖШС директорының міндетін атқарушы Арнұр Ахмадиұлы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚌 Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
-
372
-
0
-
0
-
-
2🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
377
-
0
-
0
-
-
3🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
405
-
0
-
2
-
-
4📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
313
-
0
-
0
-
-
5🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
291
-
0
-
0
-
-
6💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
260
-
0
-
0
-
-
7👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
248
-
0
-
0
-
-
8🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
229
-
0
-
0
-
-
9☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
238
-
0
-
0
-
-
10👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
172
-
0
-
0
-