USD: 479.3 / 484.3
  • EUR: 561.5 / 567.5
  • RUB: 6.51 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматыда аңыз әнші Роза Бағланова тұрған үйде мурал пайда болды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Муралды дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына әншінің келіні Марал Бағланова да қатысқан.

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетіне КСРО Халық артисі, қазақтың аты аңызға айналған әншісі Роза Бағланованың бейнесі салынған мурал пайда болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, жоба тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылған. Айта кетерлігі, Роза Бағланова кезінде дәл осы үйде тұрған. Енді ғимарат қасбеті өнер иесіне деген ерекше құрметтің белгісіне айналып отыр.

Муралды дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына әншінің келіні Марал Бағланова да қатысқан. Ол бастамаға қолдау білдіріп, жоба авторлары мен ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.

Осылайша, қазақ өнерінің жарық жұлдызы Роза Бағланованың бейнесі енді халық жадында ғана емес, Алматының сәулеттік келбетінде де мәңгілік сақталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз