АХҚО мен Самұрық-Қазына басшылығы IPO-ға дайындықтары туралы айтты.
2021-2025 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспары шеңберіндегі ІРО қарсаңында "Астана" халықаралық қаржы орталығында Самұрық-Қазына қорының портфельдік компанияларының листингін өткізуге дайындық тәсілдерін талқылауға арналған кеңес өтті, деп хабарлайды naryk.kz сайты.
Іс-шараның барысында қор нарығына шығудың мерзімдері, капитал тартудың озық халықаралық іс-тәжірибесін іске асыру мүмкіндіктері, жаһандық инвестициялық қоғамда және Қазақстанда отандық эмитентттерді ілгерілетудің практикалық механизмдері талқыланды.
Қысқа мерзімді келешекте ІРО өткзуді көздеп отырған, араларында Air Astana АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "ҚазТрансГаз" АҚ бар компаниялардың топ-менеджменті жария нарыққа шығудың жағдайы мен орналастыруға қатысты жоспарлары туралы айтып берді.
"АХҚО юрисдикциясы мен инфрақұрылымы жекешелендіру бағдарламасын АХҚО алаңында іске асыру үшін барынша тартымды шарттар ұсынып отыр, бұған "Қазатомөнеркәсіптің" сәтті кейсі дәлел бола алады", – деді "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.
"Қор мен АХҚО ынтымақтастығының басым бағыттарының ең маңыздысы – ірі портфельдік компанияларын AIX биржасында ІРО-ға шығару. Біз жергілікті нарықта "Халықтық ІРО" бағдарламасының жеке элементтерін бейімдеп, халықаралық капитал нарығына шығу жоспарларын бірге пысықтауға әзірміз. Мұндай әдіс жалпы мемлекеттік міндеттерге және қор мен оның компанияларының мүдделеріне сай келеді", – деді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
"Жария нарық үшін ұсынысты ол барынша қолжетімді болатындай және инвесторларды сатып алу мен сатуға ғана емес, сонымен бірге акцияларды портфельде ұстауға да ынталандыратындай етіп құрылымдау керек", – деп қосты AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.
Еске салсақ, қазақстандықтардың Apple мен АҚШ банкінің акцияларын сатып алып жатқаны туралы хабарлаған едік. 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап тағы 12 бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-