USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

1 млн долларлық алаяқтық: Халықаралық іздеуде жүрген азамат Қазақстанға жеткізілді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Германиядан ұсталған алаяқ Қазақстанға экстрадицияланды.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп күдіктелген шетелдік азаматты Қазақстанға экстрадициялады.

Тергеу деректеріне сәйкес, аталған тұлға 2014 жылы алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге компьютерлік техниканы жеткізуге көмектесу сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ долларын алдау арқылы иемденген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін суытып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы қыркүйекте ол Германия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы негізінде Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Заңнамаға сәйкес, оған мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз