Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды

Фото malim.kz сайтынан алынды
Фото malim.kz сайтынан алынды

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында байқау жариялайды.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жариялайды.

"Нұртілеу Иманғалиұлы – өзінің эфирдегі үлгісімен Қазақ телевизиясының тұтас бір буынын тәрбиелеген тұлға.  Біздің мақсатымыз – осы сабақтастықты жалғау, телевизияда Нұртілеу Иманғалиұлының ізбасарларын дайындау, есімі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Екіншіден, бұл болашақ журналистердің шығармашылық шеберлігін шыңдауға көрсеткен қолдауымыз", – дейді "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Үміткер Нұртілеу Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы бейнематериал әзірлеуі тиіс. Материалдар қазақ тілінде қабылданады. Грант иелері – екі жеңімпазды "Қазақстан" телерадиокорпорациясының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия анықтайды. 

Стипендия әр жеңімпазға 2021-2022 оқу жылына беріледі. Жұмыстар 2021 жылғы 28 маусым – 28 тамыз аралығында baiqau@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары