Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің саны белгілі болды

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елдегі этностық құрам бойынша жаңартылған мәліметтерді жариялады.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адамды құрап отыр.

Ұлттар бөлінісіндегі көрсеткіш мынандай:

1. Қазақтар – 14 664 202

2. Орыстар – 2 943 022

3. Өзбектер – 695 557

4. Украиндар – 367 547

5. Ұйғырлар – 309 164

6. Немістер – 222 890

7. Татарлар – 218 361

8. Әзербайжандар – 157 568

9. Кәрістер – 120 821

10. Түріктер – 93 234

11. Дүнгендер – 88 165

12. Беларустар – 73 788

13. Тәжіктер – 61 307

14. Күрділер – 52 077

15. Қырғыздар – 41 459

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың.

Ал өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз