Қала әкімдігі мониторинг тобы мүшелеріне сыйақы беруді ойласытырып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласында карантин тәртібін бақылайтын 16 мониторинг тобы қызмет етеді. Оларға жалпы саны 38 адам мүше. Қала әкімдігінің мәліметінше, күніне тәртіп бұзған 4-5 адам ғана тіркеледі, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Арна тілшілері Сарыарқа аудандық мониторингтік топпен бірге қаланың оң жағалауындағы ірі құрылыс базарын аралады. Топ Үйлестірушісі Қонақбай Еспаевтың айтуынша, базар көп болғандықтан, әр күні жаңа базарды аралап, тексереді екен.
Алайда мониторинг топ мүшелерінің тәртіп бұзушыларға айыппұл салатын құзырет жоқ. Олар тек ереже бұзғандарды анықтап, фото және бейнетүсірілім жасайды. Ал айыппұл салу-салмау қажеттігін Эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары шешеді.
Оқи отырыңыз: Биыл Covid-19 жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 2 есе азайды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының маманы Аман Оспановтың айтуынша, мониторинг тобының мүшелері күніне тәртіп бұзған 4-5 ереже азаматты анықтайды екен:
"Қазір біз мониторингтік топтарға сыйақы беруді ойласытырып отырмыз. Еріктілерді де жұмысқа алуға қарсы емеспіз. Бірақ, оларға ақы төленбейді".
Арна тілшісі мониторингтік топтардың жұмысы түнде қызатынын еске салды. "Ал бұл 38 адам жүздеген кафе-ресторанға барып үлгермейді", – дейді ол .
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
235
-
0
-
6
-
-
2⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
225
-
0
-
1
-
-
3📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
207
-
0
-
0
-
-
4🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
209
-
0
-
2
-
-
5"AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетовтің Бас Прокурор Берік Асыловқа Павлодар облысының фермерлеріне асылтұқымды малды шетелден жеткізу кезіндегі құқықбұзушылықтар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
-
194
-
0
-
1
-
-
6🏒 Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті
-
187
-
0
-
0
-
-
7Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды
-
200
-
0
-
0
-