Мамыр мерекелерінде ХҚКО қалай жұмыс істейді

Фото: ХҚКО
Фото: ХҚКО
1, 7, 9 мамырда ХҚКО-лар жабық болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мамыр айындағы мереке күндеріне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады.

Мекеме мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні күндері барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Ал 2 және 11 мамыр күндері кезекші орталықтар қызмет көрсетеді. Бұл күндері ХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүргізіліп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

"Мереке күндерінен тыс уақытта барлық орталықтар, соның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс тәртібі бойынша қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың нақты тізімін 1414 байланыс нөмірі арқылы білуге болады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз