Тікелей эфир

Күйші Дина Нұрпейісова туралы телехикая 22 қазанда телеэфирге шығады

"Дина. Күй құдірет" телехикаясын Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.

Qazaqstan телеарнасы түсірген "Дина. Күй құдірет" телехикаясы 22 қазанда сағат 20:30-да эфирге шығады, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Күйшінің өмірін суреттейтін телехикая екі бөлімнен тұрады. Олар бірінен соң бірі, еш жарнамасыз көрсетіледі.

"Телехикаяның сюжет желісіне күйшінің кішкентай кезінен домбыраға құштарлығы, дала сарынынан әуен іздеуі, күй атасы Құрманғазыдан тәлім алуы арқау болды. Сонымен қоса телехикаяда сол кезеңдегі әйел тағдырының қыр-сыры, қоғамдағы жауапкершілігі тереңінен бейнеленеді" делінген АҚДМ таратқан хабарламада.

Сериал продюсері – Нұриддин Паттеев, режиссері – Батырхан Дәуренбеков. Сценарий авторлары – жазушы-драматург Сая Қасымбек және Батырхан Дәуренбеков.

Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев туралы "Мағжан. Мен жастарға сенемін!" телехикаясы эфирге 24-25 қазан күндері 21:00-де шығатыны белгілі болды.


Оқи отырыңыз: "Қазақтан бұрын домбыра болған". Домбыраның тарихын білесіз бе?


 

Серіктестер жаңалықтары