Тікелей эфир

Қаңтар оқиғасында өрт шалған "Алтын қордың" қанша материалы кәдеге жарайды?

Қордағы бай телевизиялық мұра мемлекет меншігіне беріліп жатыр.

"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай "Қазақ әдебиеті" басылымына берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы кезінде арна ғимаратында болған өрттен "Алтын қордағы" қанша сағат материал зардап шеккенін айтты. Оның сөзінше, күйік шалған жалпы көлемі 75 мың сағатты құрайтын материал­дың 66,5 мың сағаты жарамды екенін анықталған.

"Корпорация өткен жылдан бері "Алтын қорды" цифрландыру және оны мемлекет қорына өткізу бойынша кешенді жұмыстарды бастады. Қордағы бар 100 мыңға жуық аудиотаспаны цифр­ландыру жұмысын толық аяқтадық. 26 мың бейнетаспаны құндылығына қарай іріктеп, оларды да цифрландыру басталды. Бұл жұмыс 2023 жылдың соңына дейін жалғасады", – деді Ләззат Танысбай.

Корпорация басшысының айтуынша, "Алтын қордағы" бай телевизиялық мұра тек Корпорация игілігі емес, халықтың қазынасы болуы тиіс. Осыған орай, оны мемлекет меншігіне өткізу туралы шешім қабылданған. Соның аясында Орталық мемлекеттік архивке, Алматы қалалық музейі мен Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне, елордадағы Ұлттық музейге "Алтын қордағы" партитуралардың түпнұсқасын өткізу туралы келісім жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары