Тікелей эфир

Биржада доллар бағамы 2 теңгеге жуық төмендеді

Аукционның қорытындысы бойынша доллар бағамы 448,17 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы 30 қаңтардағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 448,17 теңге болды.

Бір тәулікте доллар бағамы 1,67 теңгеге, бір айда 8,85 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 448-449 теңгеден сатып алып, 449,5-450 теңгеден сатуда.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы барреліне 82,5 долларды құрайды.


Оқи отырыңыз: Жетісу облысы көш бастап тұр: Қазақстанда әуе жолаушылар тасымалы 11% қымбаттады


 

Серіктестер жаңалықтары