Алматыда "Кел, Жаңа жыл!" атты екі күндік мерекелік концерт өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда танымал әншілер қатысатын мерекелік концерт өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына арналған "Кел, Жаңа жыл!" атты ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды әкімдік.

Концертті "Алматы әуендері" мекемесінің шығармашылық ұжымы ұсынады.

Мерекелік іс-шара 29–30 желтоқсан күндері сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Ашық аспан астында ұйымдастырылатын концерт қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат етеді.

Концерттік бағдарламада танымал қазақстандық өнерпаздар – Бақтияр Тайлақбаев, Өктем Алтаев, Тахмина Әшімбекова, Жұбаныш Жексенұлы, Марта Төлепберген, Асхат Тарғын, Бейбітгүл Нұрымхожина, Димаш Дәулетов, Abik Jaxen, Ғарифа Игісінова, Ерік Төленов және DARO өнер көрсетеді.

Көрермендерге отандық эстраданың үздік әндері мен жаңажылдық әуендер ұсынылады. Безендірілген сахна, сапалы дыбыс пен жарық мерекелік атмосфераны толықтыра түседі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз