Алматы автобустарында жолақы төлеудің жаңа форматы іске қосылды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алматылықтар енді жолақыны Kaspi қосымшасы арқылы төлей алады.

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа тәсілі қолданысқа енгізілді. Енді жолаушылар Kaspi мобильді қосымшасы арқылы автобустағы ONAY QR кодын сканерлеу немесе көлік кодын қолмен енгізу арқылы жолақысын төлей алады.

Алматы қаласының көлік холдингінің мәліметінше, бұл жаңашылдық ONAY! жолақы төлеу жүйесінің қолданыстағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

"Жолаушылар бұрынғыдай ONAY! көлік картасын, ONAY! мобильді қосымшасын және өзге де төлем әдістерін пайдалана алады", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ алдағы уақытта жолақыны басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қазір бұл бағытта көлік холдингі банктермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Жаңа төлем тәсілі жолаушыларға ыңғайлы әрі жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары