Қазақстан мектептерінде 9 185 КВИ жағдайы тіркелген.
Қазақстан бойынша, мектептерде білім алып жатқан оқушылардың 0,26%-ы коронавирус жұқтырды. Осы орайда, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елде 18 жасқа толмаған азаматтарға екпе өндіруші мемлекеттер өзінде клиникалық тексеру жүргізіп көргеннен кейін ғана салына бастайды. Өйткені, Қазақстанда балаларға клиникалық тексеру жүргізуге тыйым салынған.
"Біріншіден, Қазақстанда заңнамаға сәйкес, балаларға клиникалық зерттеу жүргізуге тыйым салынған. Біз жүргізбейміз. Бірақ өндіруші мемлекеттер өзінде клиникалық тексеру жүргізіп, барлық тұрақтылық, қауіпсіздік параметрін өткерген соң, клиникалық зерттеулердің нәтижесі шығып, өз елінде салып бастап, толық растаған соң ғана біз оны Қазақстанда тіркеу мәселесін қарастырамыз. Елге келген соң да қосымша тексеру жүргізіп, содан кейін ғана нарыққа шығарамыз. Осы тұста Sputnik екпесі бойынша нақты нәтижелер шығып, әсері оң болып жатса, бізде де қолдану мәселесін нақтылай аламыз. Бұл жерде бар мәселе әрбір өндірушінің алдымен өз елінде екпені растап, тексеруі маңызды болып отыр. Осыдан кейін ғана оны Қазақстанға алып келетін боламыз", – деп түсіндірді Алексей Цой.
Соңғы екі айда жағдайы ауыр науқастар саны екі есе азайған. Осы орайда, министр оқушылар арасында КВИ таралуына жіті мониторинг жүргізіп отырғандарын мәлімдеді.
"9 185 КВИ жағдайы тіркелді. Бұл – жалпы білім алып жатқандардың 0,26%-ы. 102 000-ға жуық ауырғандармен байланыста болған азамат анықталып, олардың ішінде 124 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды", – деді Алексей Цой.
Мұнымен қатар, министр студенттер арасында КВИ жұқтыру жағдайының төмен болуын екпе әсерімен байланыстырды.
"Студенттер арасында 1 082 жағдай тіркелді. 935-і – орта білім мекемелеріндегілер және 348 – ЖОО студенттері. Бұл көрсеткіш орта білім беру мекемелерінде жалпы білім алып жатқандардың 0,2%-ын, ЖОО-дағылардың 0,08%-ын құрайды. Студенттер арасында КВИ жұқтыру жағдайының аз тіркелуі екпенің оң әсері барын көрсетіп отыр", – деді Алексей Цой.
Еске салсақ, QazVac вакцинасы халал сертификатына ие болды. Отандық екпеге бірқатар мұсылман елдері қызығушылық танытып отыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-