USD: 466.5 / 469.1
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстанда өткен жылдардың түлектеріне арналған ҰБТ басталды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты
Сондай-ақ, оған қандастар мен шетелде білім алған жастар да қатысады.

Бүгін тамыз ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

ҰБТ 14 тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде,  100 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.

Өткізудің бірінші күні 6,7 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырады.

Тамыз ҰБТ-сына кімдер қатысады: 

  • биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері;
  • қандастар (ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері);
  • шетелде орта білім алған түлектер;
  • шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер;
  • басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер;
  • алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданған тұлғалар.

"Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау