USD: 490.5 / 493.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

168 талапкер смартфон мен шпаргалка алып кірмек болғаны үшін тестке жіберілмеді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады.

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталғалы бері талапкерлер тестілеуді 139 мыңға жуық рет тапсырды. Үш аптаның қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже – 140 балл тіркелсе, 283 ереже бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл талапкерлердің 71 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде тапсырған. Ал ағылшын тілінде тестілеуді 259 адам таңдаған.

"Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже 65 балды құрады. Ең жоғары көрсеткішке Әлтайыр Әсет қол жеткізді. Павлодар облысының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинаған", – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 392 талапкер де қатысқан. Сонымен қатар ҰБТ өткізу барысында ережелерді бұзу фактілері де тіркелген. Үш апта ішінде барлығы 283 заңбұзушылық анықталды.

"168 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микроқұлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді", – деп хабарлады министрлік.

Бұдан бөлек, тағы 115 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған.

Ведомствоның мәліметінше, өзге адамның орнына тест тапсыру фактілері анықталмаған.

Министрлік ҰБТ аудиторияларындағы бейнежазбаларға талдау жұмыстары 31 қазанға дейін жалғасатынын ескертті. Егер кейіннен тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ереже бұзу фактілері анықталса, талапкерлердің тест нәтижелері жойылады.

Еске салайық, биыл негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін 240 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндік бойынша жалпы саны 446 мыңнан астам өтініш берген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз