Түркістан қаласында бір сыныптың екі оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі хабарлады.
16 мамыр күні TULGA SCHOOL мектебінің 11 "Д" сынып оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев ҰБТ-да ең жоғары нәтижелердің бірін көрсеткен.
Әкімдік мәліметінше, екі оқушы бір сыныпта білім алып, бірдей бейіндік пәндерді таңдаған. Олардың болашақ мамандық бағыттары да ұқсас. ҰБТ барысында олар Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаған, сондай-ақ халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл иеленген.
Қос түлектің таңдауы — Мақсұт Нәрікбаев университеті. Олар болашақта аударма ісі мамандығы бойынша білім алып, халықаралық деңгейде қызмет етуді жоспарлап отыр.