USD: 479.5 / 482.1
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Тағы бір талапкер негізгі ҰБТ-да 140 балл жинады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ол ҰБТ-дан бөлек "Қазтест" сынағын тапсырған.

Қызылорда облысының түлегі Альфия Балхан негізгі ҰБТ-да 140 балл жинады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Ол "Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті" пәндер комбинациясын таңдап, тестілеу нәтижесі бойынша 138 балл жинаған. Бірақ, ол ҚАЗТЕСТ сертификатын пайдаланып, "Қазақ тілі" пәні бойынша балдарын конвертациялайды. Соның нәтижесінде Альфияның жалпы нәтижесі 140 балға жеткен.

"Мен 11-сыныптың алдында ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Менің арманым – педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу. Кішкентайымнан қазақ классикасын оқуға құмармын, ал менің сүйікті шығармам – Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы. Әдебиетке деген сүйіспеншілігім мені ұстаз болуға және ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруге жетеледі", – дейді Альфия.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бұған дейін 26 мамырда Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир 140 балл жинаған еді. 

Жалпы негізгі ҰБТ-ның жеті аптасында 340 мыңға жуық рет тест тапсырылды. Шекті балды 70% талапкер жинады, бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. 240 мыңға жуық талапкер негізгі ҰБТ-ға қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген. 

ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау