USD: 476.1 / 480.1
  • EUR: 556.0 / 561.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Білімді бағалаудың жаңа форматы: Қазақстанда ҰБТ-ға балама тест әзірленіп жатыр

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
AIT тесті 2027 жылы іске қосылады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда талапкерлерге арналған жаңа тест жүйесін әзірлеу барысында жасанды интеллект технологиялары қолданылатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа тест AIT — Admission Insight Test деп аталады. Ол қазіргі Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне балама ретінде енгізілуі мүмкін.

"Жаңа тест талапкердің тек мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейін ғана емес, сыни ойлау қабілетін, цифрлық сауаттылығын, көшбасшылық қасиеттерін, эмоциялық интеллектін, адалдық қағидаларын және құндылықтарын да бағалайды. Жасанды интеллект қазір бағалау жүйесінде үлкен серпіліс жасады. Мен өзім сондай бағалаудан өттім. Бұл тек білімді емес, эмоциялық интеллекті, адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас, құндылықтар мен сенімдерді де анықтауға мүмкіндік береді", – деді Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте.

Министрдің сөзінше, Қазақстанға Принстон университетінен екі делегация келген. Қазіргі таңда шетелдік мамандар төрт мыңнан астам үздік педагогпен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Саясат Нұрбек жаңа тест шетелдік франшиза немесе лицензия негізінде жасалмайтынын атап өтті.

"Бұл тест Қазақстанда әзірленеді және оның интеллектуалдық меншігі еліміздің өзінде қалады", – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз