Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 39 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 1 995

  • Алматы – 678;
  • Нұр-Сұлтан – 393;
  • Қызылорда облысы – 151;
  • Шымкент – 103;
  • Қарағанды облысы – 101;
  • Атырау облысы – 87;
  • Ақмола облысы – 83;
  • Батыс Қазақстан облысы – 70;
  • Түркістан облысы – 66;
  • Жамбыл облысы – 65;
  • Алматы облысы – 55;
  • Павлодар облысы – 34;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
  • Ақтөбе облысы – 27;
  • Қостанай облысы – 27;
  • Маңғыстау облысы – 14;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 11.

Жазылғандардың жалпы саны – 489.

Көз жұмғандар – 19.

23.59 – 21 сәуірде коронавирус жұқтырған 143 адам анықталды. 42 науқас жазылып шықты.



22.20 – Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 2 адам туралы:

Атырау қаласында тіркелді. Олар – 1965 және 1968 жылғы әйел адамдар. Екеуі де коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, оң нәтиже көрсетті.

Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар түгел анықталып, барлығы медицина бақылауына алынды.

Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 82 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны 23-ке жетті.


Оқи отырыңыз: Биыл тарауық намазы мешітте оқылмайды. Төтенше жағдай кезінде ораза ұстаудың ерекшелігі қандай?


22.50 – Павлодар облысында Covid-19 жұқтырған бір адам туралы:

Екібастұз қаласының тұрғыны, 2002 жылғы жас баладан анықталды. Ол жөтел және дене қызуының жоғарылауы белгілерімен көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылған. Коронавирусқа алынған талдау нәтижелері вирус жұқтырғанын көрсетті.

Азаматпен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелген.

22.40 – Коронавирус жұқтырған тағы 18 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Алматы – 6;
  • Ақмола облысы – 1;
  • Павлодар облысы – 1;
  • Жамбыл облысы – 5;
  • Атырау облысы – 2;
  • Алматы облысы – 2.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 995 адам анықталды.

21.40 – Алматының жедел штабы 28 сәуірде "Ата-ана күнінде" бейіт басына бармауға шақырды. Биыл каранитин режимінің жариялануына байланысты зиратқа тек жерлеу рәсімдерін жүргізу үшін баруға рұқсат етілген. Қаладағы зиратқа адамдардың топтасып жиналуын болдырмау үшін Полиция департаменті кезекшілік ұйымдастырмақ.

21.35 – 22 сәуірдегі Balapan арнасындағы телесабақтар кестесі:



21.15 – Covid-19 бар 8 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды:

  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Алматы – 2;
  • Шымкент – 1;
  • Қарағанды облысы – 1.

Қазақстанда барлығы 35 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды.

21.10 – Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар туралы ақпарат:

Қостанай облысының Денисов ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам анықталды. Олардың бірі – Жітіқара қаласының 39 жастағы тұрғыны және екіншісі – оның төрт айлық қызы. Жітіқара ауруханасының карантинге жабылуына байланысты Денисов аудандық ауруханасына жатқызылған. Сынама нәтижесі – оң. Бекітілген хаттамаға сәйкес қажетті ем алып жатыр. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгін облыстың денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізеді.

Қостанай облысында Covid-19 жұқтырған барлығы 27 адам анықталды.


Оқи отырыңыз: Еңбек министрі: 42 500 теңге төлемді заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылмайды


20.20 – Жамбыл облысында 13 адам коронавирустан жазылып шықты.

Қазақстанда барлығы 489 адам ауруынан айықты.

20.15 – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жағдайы бойынша келесі аптада телевизиялық үндеу жариялайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Сондай-ақ төтенше жағдай режимінің және карантин шараларының ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылданатын болады.

20.10 – Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып денсаулық сақтау экс-вице-министрі Қамалжан Надыров тағайындалды. Тілеухан Әбділдаев өз еркімен бұл қызметтен кетті.

20.05 – Коронавирус жұқтырған тағы 10 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 2;
  • Алматы – 3;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Қостанай облысында – 2.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 1 977 адам анықталды.


Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алғандар жауапқа тартыла ма? Министр түсіндірмесі


19.20 – Алматыда жасырын түрде жұмыс істеп келген екі массаж салоны анықталды. Бірінші салонда эротикалық массаж қызметін 7 қыз ұсынған. Жұмыс орнында әкімші де болған. Жұмысшылардың сол жерде тұратыны анықталды.

Екінші массаж салоны Мыңбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде орналасқан. Мұнда үш адам жұмыс істеген.

“Массаж үйінің” барлық жұмысшылары және олардың клиенттері ҚР ӘҚбК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

19.08 – Людмила Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Ол осыған дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

19.05 – Қамалжан Надыров басқа қызметке ауысуына байланысты денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды.

8.55 – Алматы облысында 248 395 азамат төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтердің шығынын өтей алады.



18.05 – Төтенше жағдай режимі жалғаса берсе 1, 2, 3 курс студенттері мамыр айында қашықтан емтихан тапсырады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді. Технология жоқ шалғай аймақта тұратын студенттердің емтихан мерзімі ауыстырылуы мүмкін.

Қорытынды аттестаттау (соңғы курстар үшін) екі бөлімнен тұрады:

  • Дипломдық жұмысты қорғау. Студенттер антиплагиат жүйесіне жүктеген жұмыстарды оқытушылар мен комиссия тексереді. Студент диплом жұмысын онлайн режимде қорғайды: презентация көрсетіп, сұрақтарға жауап береді.
  • Кешенді емтихан (проекторингпен немесе проекторингсіз жазбаша онлайн-емтихан түрінде).

Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі

18.00 – Ақтауда 27 жастағы жүкті әйелден Covid-19 анықталды.

Жүктіліктің 36 аптасында жүрген әйелдің түнде дене қызуы көтеріліп, жедел-жәрдем шақыртқан. Науқасты бірден провизорлық бөлімшеге жеткізіп, сынама алады. Нәтижесі – оң. Науқастың жолдасы да ауруханаға оқшауланып, сынама алынды. Қазір науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, тексеріліп жатыр.

Науқас тұратын Ақтаудағы 17-шағын аудан 82-ші үйдің подъезі карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Маңғыстау облысында коронавирус барлығы 14-адамнан анықталды:

  • Ақтау – 6;
  • Жаңаөзен – 4;
  • Маңғыстау ауданы – 4.

Екі адам емделіп шықты.

17.55 – Нұр-Сұлтанда 3-4 сәуірден бастап стационарлық емделуде болған 17 пациент коронавирустан емделген. Енді олар екі апта үй карантинінде болады.

21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар. Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала. Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі – теріс.

17.50 – Коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатысып жүрген медицина қызметкерлері салықтар мен әлеуметтік төлемдерден:

  • төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан;
  • әлеуметтік салықтан;
  • міндетті зейнетақы жарналарынан;
  • әлеуметтік аударымдардан;
  • МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жарналарынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?


17.10 – Пандемия кезінде елге қайта алмай қалған Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі 250 астам қазақстандық студент мінген бес автобус Мәскеуден Қазақстанға жолға шықты. Сапар алдында барлық жолаушыдан дене қызуы екі рет өлшенді. "Орск" және "Әлімбет" өткізу бекеттерінде студенттерді Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері қарсы алады. Келген соң коронавирусқа тест тапсырады. Нәтижесі теріс болса студенттер туған өңірлеріне барып екі апта оқшауланады.

Бұрын осындай автобустар Уфа, Ханты-Мансийск, Самара қалаларынан ұйымдастырылған.


Фотоны Ресейдегі ҚР елшілігі ұсынды

17.00 – 24 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 17;
  • Қарағанды облысы – 2;
  • Ақтөбе облысы – 1;
  • Түркістан облысы – 4 адам.
Қазақстанда барлығы 476 адам ауруынан айықты.



16.50 – Орталық қалалық клиникалық аурухана таза және вирус жұқтырған аймақтарға бөлінген. Бүгінде ауруханада қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылды. Ем қабылдап жатқан науқастарға медициналық көмек обаға қарсы киім-кешек киіліп көрсетіледі. Бұл ретте ем жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің барлығында талдау нәтижелері теріс.

16.45 – Алматы қаласында соңғы тәулікте тіркелген 145 науқас туралы:

  • Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері – 104;
  • №12 қалалық емхана қызметкерлері – 12;
  • провизорлық орталықтағы қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері – 11;
  • бұрын жұқтырғандармен байланыста болғандар – 18.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады


16.35 – 2020 жылға 259 млрд теңге сомасына 1 385 медициналық дәрі-дәрмек атауы анықталды, бұл дәрі-дәрмектер сатып алынды және республиканың барлық өңірлеріне таратылып жатыр.

Стационарлық мекемелерге 39 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмек жеткізілді, оларың ішінде Covid-19 емдеуге арналған дәрілер мен медициналық бұйымдар бар.

16.20 – "Яндекс Карта" бойынша оқшаулану индексі:

  • Қарағанды – 3,6 (тұрғындардың көбі үйде);
  • Атырау – 3,5 (көшеде адамдар бар);
  • Ақтау – 3,4 (көшеде адамдар бар);
  • Алматы, Тараз, Семей –3,3 (көшеде адамдар бар);
  • Орал, Ақтөбе – 3,2 (көшеде адамдар бар);
  • Қызылорда – 3,1 (көшеде адамдар бар);
  • Шымкент – 3 (көшеде адамдар бар);
  • Нұр-сұлтан, Өскемен – 2,8 (көшеде адамдар көп).

16.15 – Алматыда коронавирус 669 адамнан анықталды. Оның ішінде:

  • 88 адам стационарда емделіп, 14 күндік үй карантиніне шықты;
  • 430 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық;
  • 2 ересек науқастың жай-күйі өте ауыр;
  • 6 ересек науқастың жай-күйі ауыр;
  • 168 ересек адамның жай-күйі орташа.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге төлем алуға өтініш беру жалғасуда. Қандай қателіктерден абай болу керек?


16.10 – 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін екінші рет өтінім берудің қажеті жоқ, төлем автоматты түрде аударылады.

Төтенше жағдай режимінің 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты, екінші әлеуметтік төлем наурызда немесе сәуір айының басында жәрдемақы алған адамдарға беріледі. Алайда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 20 сәуірден бастап жұмысқа шығып, қайта еңбекақы ала бастайтын азаматтарға аталған төлем аударылмайды. .

15.35 – Алматыда тұтынушы коммуналдық қызмет шығындарына өтем алу үшін 09.00-ден 18.00-ге дейінгі жұмыс уақытында call-орталық +7 (727) 341-05-27 нөміріне хабарласып, өзінің "әлеуметтік жағынан осал топ" мәртебесін растауы тиіс. Мәртебесі расталмаған жағдайда тұтынушы әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жүгінуі қажет.

Call-орталық 22 сәуірден бастап жұмыс істейді.



14.55 – Алматы облысында Covid-19 жұқтырған үш адам туралы:

Іле ауданы Өтеген батыр кентінің 1967, 1975 және 1999 жылы туған тұрғындарынан сынама алу арқылы коронавирус анықталды. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Алматы облысында коронавсирус жұқтырғандар саны 53-ке жетті.


Оқи отырыңыз: "Денсаулық сақтау, білім беру салаларын түбегейлі реформалау қажет". Президент мәлімдемесіндегі 10 маңызды мәселе


14.25 – Денсаулық сақтау және сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Үндістандағы ҚР елшілігінің қолдауымен Үндістанда ота жасауын күтіп отырған Қазақстан азаматтарының өтініші бойынша SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі ұйымдастырылды. Үш пациент пен оларды алып жүруші дәрігерлер елге оралды.
Осы рейспен Үндістан үкіметінен гуманитарлық көмек келіп жетті.


Фото ҚР СІМ

14.20 – Карантин кезінде пикник ұйымдастырған Қапшағай тұрғындары ұсталды. Ұйымдастырылған пикникке қатысқан бес ересек азаматқа қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік материал толтырып, оны сотқа жолдады.

14.15 – Тараз қаласында Алатау" 8-ықшамаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Бұған дейін осы тұрғын үй подъезінің тұрғыны – 50 жастағы әйелдің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған болатын.


Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?


14.10 – ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы күресетін медицина қызметкерлері мен басқа да мамандықтардың өкілдеріне оразаны басқа уақытта кейінге қалдыруға рұқсат етілетінін түсіндірді. Зарарсыздандыру және коронавирустан қорғану үшін антисептиктер мен спиртті пайдалану оразаны бұзбайтынын айтты.

13.50 – Берік Шәріп "СҚ-Фармация" басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Ол 2018 жылдың мамыр айынан бастап компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметімен қатар «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

13.40 – Алматы облысында Есік қаласы мен Шелек ауылы коронавирус жұқтырудың жиілеп кетуіне байланысты карантинге жабылды. Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында өзгерістер енгізілді.

Стационарларда бейнебақылау, желдету және визуализация принциптері жүзеге асырылады. Бір ауысым келесі ауысымнан оқшаулануы тиіс. Тар мамандар пациенттерге интернет арқылы барынша қашықтықтан кеңес беруі тиіс. Медицина қызметкерлері қорытынды дезинфекциялаудан кейін науқастарды ауруханадан шығарғаннан және ауруханаға жатқызғаннан кейін палаталарды толтырудың кезеңділігін сақтауы тиіс

13.30 – Қарағанды облысында Covid-19 жұқтырған екі адам туралы:

1972 және 1973 жылғы әйел адамдар Теміртау қаласының тұрғындары. Екеуі де вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болғаны үшін карантиндік госпитальге жатқызылған.

Қарағанды облысында инфекцияны жұқтырған 101 адам тіркелген, оның біреуі қайтыс болды, 15 науқас жазылып шықты.


Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай кәсіпорындар жұмысын жалғастырады?


13.20 – Қазақстандағы Қызыл жарты ай мен Coca-Cola Foundation халықаралық қорының қаржылай қолдауымен денсаулық сақтау мекемелеріне медицина тауарлары мен материалдар жеткізеді. 300 000 доллар көлемінде бөлінген грант медицина мекемелеріне көмек көрсету мақсатында тауар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін азық-түлік себеттерін сатып алуға бағытталады.

12.30 – Коронавирус жұқтырған тағы 18 адам тіркелді:

  • Алматы – 1;
  • Шымкент – 11;
  • Түркістан облысы – 1;
  • Алматы облысы – 3;
  • Қарағанды облысы – 2.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1967 адам анықталды.

12.15 – Бес адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Қарағанды облысы – 2;
  • Қызылорда облысы – 1;
  • Ақмола облысы – 1;
  • Түркістан облысы – 1.
Қазақстанда барлығы 452 адам ауруынан айықты.

12.00 – Беларусь Республикасынан 40 Қазақстан азаматы, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6 бала елге оралды. Барлығы өздерін жақсы сезінеді. Коронавирус белгілері байқалмайды. Медициналық тексеруден өтіп, карантинге жатқызылады.


40 қазақстандық елге оралды

40 қазақстандық елге оралды / Фото ҚР СІМ


Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?


11.30 – 21 сәуірден бастап Қарағанды облысында жаңа шектеулер күшіне енді. Рұқсат қағазы болған жағдайда жұмысқа сағат 5.00-ден 10.00-ге дейін жеке автокөлікпен баруға, сағат 17.00-ден 20.30-ға дейін (Теміртау қаласында – 6.00–9.30 және 17.00–21.30) қайтуға болады. Басқа уақытта Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында жеке көлікпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды "ЕКараганда" порталы.

11.20 – Қызылорда облысында Covid-19 анықталған екі адам туралы:

Қызылорда қаласының тұрғыны дәрі-дәрмекке аллергиялық реакцияға байланысты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Тест алынып, вирус анықталды.

Сырдария ауданы, Амангелді елдімекеніндегі дәрігерлік амбулатория қызметкері науқастар анықталуына байланысты бақылауда болған. Бірақ тікелей байланыста болмаған соң тест алынбаған. Қазіргі таңда науқастарды белсенді анықтау мақсатында барлық медицина қызметкері тексерілуде. Осы бағытта ол азаматтан да тест алынып, виурс анықталды.

Облыс бойынша инфекциялық төсек орында 126 науқас ем алуда. Жағдайлары бірқалыпты. Тәулігіне облыста 939 сынама алынды. 7900 тест қоры бар.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған барлығы 151 адам анықталды.

11.10 – Батыс Қазақстан облысында Covid-19 анықталған 4 адам туралы:

Төрт азаматтың екеуі – Қызылорда облысының, біреуі Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. 25, 32 және 36 жаста. Олардың барлығы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар.

"Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия арқылы тексеру және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, эпидемиологтар жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

Коронавирус анықталған тағы бір азамат – 60 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң.

Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

БҚО-да коронавирус жұқтырған жалпы 68 адам анықталды.


Оқи отырыңыз: Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет


11.05 – Алматыда жүріп-тұруға рұқсат алу үшін қызметкерлер тізімін жіберген компаниялар электрондық пошта немесе SMS арқылы хабарлама алады. Барлық өтінімді жедел штаб өңдейді. Өтінім беррушілер қазірдің өзінде infoalmaty.kz базасынан таба алады.

Бұған дейін берілген рұқсаттар 23 сәуірге дейін жарамды, деп хабарлады "Алматы Бизнес-штабы".

11.00 – Нұр-Сұлтанда 1 893 медицина қызметкері жалақымен қоса үстеме ақы алды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады. Оның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан төлем үшін 646 млн теңге бөлінген.

"Үстеме ақы жұмыс істеген уақытқа сәйкес төленеді. 10 сәуірге дейін наурызда нақты жұмыс істеген сағаттарға төледік. Бірінші топтағы – 400 медицина қызметкері, екінші топтағы – 950 медицина қызметкері және үшінші топтағы 543 адам үстеме ақы алды", – деді ол.

10.55 – Қарағанды облысында Covid-19 жұқтырған 6 адам туралы:

Вирусты жұқтырғандар – 1963, 1946 және 1977 жылғы әйел адамдар, 2006 жылы туған қыз бала, 1938 жылғы ер адам, 2010 жылы туған ұл бала.

Барлығын вирус анықталған науқастармен байланыста болған. Бұған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған. Барлығы – Теміртау қаласының тұрғындары.

Қарағанды облысында вирус барлығы 99 адамнан анықталды: бір адам қайтыс болды, 13 науқас жазылып шықты.


Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика


10.45 – Премьер-министр Асқар Мамин санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса карантин режимі жеңілдетілетінін айтты.

"20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады", – деді ол үкіметтің онлайн отырысында.

10.40 – Маңғыстау облысында Covid-19 жұқтырған адам туралы:

Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылының 36 жастағы әйел азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқас аудандық аурухананың жеке боксына жатқызылды. Онымен байланыста болғандар анықталып, тексеріліп жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

10.35 – Жамбыл облысында Covid-19 жұқтырған 4 адам туралы:

Тараз қаласының тұрғындары вирус анықталған адамдармен байланыста болған. Карантиндік стационарға жатқызылған кезде ПТР зерттеуге алынған анализ нәтижесі оң нәтиже көрсеткен. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдарды, вирусты жұқтыру жағдайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді.

Жамбыл облысында вирус жұқтырған барлығы 65 адам анықталды:

  • Тараз ‒ 15;
  • Байзақ ауданы ‒ 3;
  • Жамбыл ауданы ‒ 4;
  • Қордай ауданы ‒ 33;
  • Меркі ауданы ‒ 2;
  • Мойынқұм ауданы – 1;
  • Шу ауданы – 1.

11 адам сауығып шықты. Жұқпалы аурулар стационарында 50 адам емделіп жатыр.


Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж


10.25 – "Кеше 141 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі – 8,2%. Алматы қаласында 82 науқастың 78-і жоспарланған скриниг тест нәтижесінде анықталды. Олардың 60-ы – орталық қалалық клиникалық ауруханадағы науқас, медицина қызметкері. Шымкент қаласында тіркелген 23 науқастың 16-сы – скриниг бойынша анықталған науқастар. Төтенше жағдай департаментінің азаматтары. Қалғаны – емделіп жатқан пациенттер және қарым-қатынас арқылы карантинде жатқан азаматтар. 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. Орташа жағдайда – 258, нашар жағдайда – 32, қалған 1096 науқастың жағдайы – бірқалыпты", – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында.

10.05 – Шымкентте Covid-19 жұқтырған 2 адам туралы:

1979 жылғы әйел мен 1977 жылғы еркек вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған, сол үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Шымкентте Covid-19 жұқтырған жалпы 92 адам анықталды.

10.00 – Шығыс Қазақстан облысында Covid-19 жұқтырған үш адам туралы:

Өскеменнің екі тұрғыны – 1972 жылғы ер азамат пен 1970 жылғы әйел адам, сондай-ақ Абай ауданының 1960 жылғы тұрғыны жұқтырған. Екі адамда вирус пневмония мен ЖРВИ диагноздары қойылған адамдардан, бір адамда профилактикалық зерттеу кезінде анықталды.

Қазіргі таңда науқастар оқшауланған және тиісті емді қабылдап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 ошақ, 138 байланыс жасаған адам: жақын қарым-қатынаста болған – 29, әлеуетті байланыста болған 109 адам анықталды.

Облыста барлығы 11 адам коронавирусты жұқтырған: екеуі сырттан келген, 9-ы жергілікті жерде жұқтырған. Өскемен қаласында 1 адам коронавирустан көз жұмды. Науқастар арасында 2 бала бар, жағдайлары қанағаттанарлық. Вирустан үш адам айықты.


Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап


09.55 – Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 4 адам туралы:

Жітіқара қаласында 1968 және 1990 жылғы екі ер азамат және 1962 және 1989 жылғы екі әйел адам жұқтырған. Барлығы мақсатты түрде эпидемиологиялық тексеру барысында анықталған, болжам бойынша вирусты жұқтырғандармен байланыста болған. Сынама нәтижесі – оң. Қатынасқан адамдар ортасы анықталуда, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысында Covid-19 барлығы 25 адамнан анықталды, 1 адам жазылып шықты.

09.35 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 97 адам тіркелді:

  • Алматы – 62;
  • Қостанай облысы – 4;
  • Жамбыл облысы – 4;
  • Батыс Қазақстан облысы – 4;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3;
  • Шымкент – 2;
  • Түркістан облысы – 5;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Қызылорда облысы – 2;
  • Қарағанды облысы – 6.


Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter