Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 20 сәуірден бастап бірқатар экономикалық сектор субьектілері жұмысын жалғастыра алатынын айтты. Олардың нақты тізімі 15 сәуірде белгілі болады.
"Аталған өзгеріс Нұр-Сұлтан мен Алматыда бір уақытта енгізілгенімен, екі қалада жұмыс процесінде айырмашылық болуы мүмкін. Оның себебі – осы қалалардың эпидемиялық жағдайының және экономикасының айырмашылығына байланысты. Сондықтан барлық нюансты әкімдіктер тұрғындарға алдын ала хабарлап, түсіндіріп отырады", – деді Дәурен Абаев.
Оқи отырыңыз: Көрме, театр, ойын-сауық орталықтарының қызметі тоқтайды. Төтенше жағдай кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?
Оның сөзінше, карантин талаптарындағы өзгерістер бірден емес, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Әр кезеңде Денсаулық сақтау министрлігінің қорытындысы есепке алынады.
Бірінші кезеңде вирус жұғу қаупі ең төмен кәсіпорындар іске қосылады. Оларға қатаң талаптар қойылып, олардың сақталуы тұрақты түрде тексеріледі. Кәсіпорын талапты бұзса, шектеу шарасы қолданылады.
Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 20 сәуірден бастап келесі секторлардағы кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруды ұсынды:
- өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар;
- құрылыс саласындағы кәсіпорындар;
- қыстан кейін жолдар жөн жөндейтін асфальт-бетон зауыттары;
- зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін екінші деңгейлі банктер (олар сағат 16.00-ге дейін қысқа жұмыс кестесімен жұмыс істейді);
- жеке қосалқы қызмет көрсету секторының кейбір ұйымдары (мысалы химялық тазалау және кір жуу орындары, шиномонтаждау, арнайы техникаларды жөндеу, көлік жуу станциялары);
- қоғамдық тамақтану орнына тамақ жеткізу мүмкіндігін 22.00-ге дейін ұзарту ұсынылады.
Аталған кәсіпорындарда барлығы 100 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады. Бұл – елордадағы жұмыс істейтін халықтың шамамен 20 пайызы.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай режимін сәуірдің аяғына дейін созылады
Алматыда сәуірдің үшінші он күндігінде өнеркәсіптің барлық салалары, қоймалау, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50 пайызына дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді. Нәтижесінде Алматыда 128 мың адам жұмысын жалғастырады.
Еске салайық, мемлекеттік комиссия биыл 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Комиссия төрағасы Асқар Мамин нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі мен қызметкерлердің жұмыс орындарында әлеуметтік ара қашықтықты сақтауына қатаң бақылау жасауды тапсырды.
20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірқатар кәсіпорындар жұмысын қайта бастайды. Бірінші кезеңде вирус жұғу қаупі ең төмен кәсіпорындар іске қосылады. Оларға қатаң талаптар қойылып, олардың сақталуы тұрақты түрде тексеріледі. Кәсіпорын талапты бұзса, шектеу шарасы қолданылады.