Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 9 сәуір хронологиясы. Вирус жұқтырған бір науқас көз жұмып, бір әйел босанды

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
Іnformburo.kz жиырма сегізінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 27 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

Коронавирус жұқтырғандар саны – 781:

  • Нұр-Сұлтан – 225;
  • Алматы – 122;
  • Қызылорда облысы – 100;
  • Ақмола облысы – 60;
  • Қарағанды облысы – 57;
  • Жамбыл облысы – 45;
  • Атырау облысы – 42;
  • Түркістан облысы – 34;
  • Шымкент – 27;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Алматы облысы – 10;
  • Маңғыстау облысы – 7;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6;
  • Батыс Қазақстан облысы – 4;
  • Қостанай облысы – 3;
  • Павлодар облысы – 3.

Жазылғандардың жалпы саны – 60.

Көз жұмғандар – 8.

23.59 – 9 сәуір қорытындысы: коронавирус жұқтырған 54 адам тіркелді. Алты адам жазылып шықты. Павлодарда бір адам қайтыс болды.



23.45 – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы балалар жұқпалы аурулар ауруханасы қабылдау бөлмесінің дәрігерлерінің шағымына жауап берді. Ол Алматы денсаулық сақтау басқармасы коронавируспен күресетін медицина қызметкерлеріне үстеме ақы беру туралы бұйрығына түсінік беруде қате жібергенін атап өтті.

Министрдің сөзінше, стационардағы барлық дәрігер, медбике және кіші медицина қызметкерлері 1-санатқа жатады және жалақысына тиісті үстеме ақы төленеді.

"Басқарма басшылығы мен клиникалар таңертең қатені жойып, бекітілген бұйрыққа сай үстеме ақы төлеуді сұраймын! МӘМС басшылығынан бақылауды және ертең орындалғаны жөнінде баяндауды сұраймын! Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймын. Facebook-қа енді ғана келіп, әріптестеріміздің үндеуін оқыдым", – деді Елжан Біртанов.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер мен студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма? Маңызды 18 сұраққа жауап

23.40 – Ақмола облысында Covid-19 анықталған 4 адам туралы:

Барлығы Целиноград ауданында тіркелді. Екі әйел – 93 және 57 жаста, екі ер адам – 59 және 84 жаста. Барлығы бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болып, карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық талдау оң нәтиже көрсеткен. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу жүргізіледі. Науқастармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған барлығы 60 адам анықталды:

  • Целиноград ауданы – 55;
  • Аршалы ауданы – 3;
  • Көкшетау қаласы – 1;
  • Шортанды ауданы – 1.

23.30 – Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел бала босанды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева мәлімдеді.

8 сәуірде жүктілік мерзімі жеткен және ЖРВИ белгілері бар әйел провизорлық перзентханаға келіп түскен. Дене қызуын өлшегенде 38,1 градусты көрсетіп, коронавирус талдауы оң болып шыққан. Босану ауыр өтпеді. Жаңа туған нәресте кювезге салынған:

  • салмағы – 2 970 грамм;
  • бойы – 51 см.

Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Covid-19 талдауы алынды.

Жаңа босанған әйел жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Кезекші бригада медициналық көмек көрсеткенде күшейтілген қорғаныс құралдарын пайдаланған. Кезекшіліктен кейін бірден үй карантиніне екі аптаға жіберілді.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының кезекші бригадасы: Ақбота Қонқабаева – акушер-гинеколог, Әйгерим Енсепбаева – акушер, Меруерт Аққайырова – неонатолог, Айгүл Тұрғанбаева – балалар медбикесі.



23.20 – Қызылорда облысында Covid-19 жұқтырған 8 адам туралы:

Ауру жұқтырғандардың алтауы Сырдария ауданында, екеуі Қызылорда қаласында тіркелді. Жас шамалары бойынша ең үлкені – 1970 жылы туған ер адам, ең жасы – 2002 жылы туған қыз бала. Барлығы коронавирус табылған адаммен қарым-қатынаста болған.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.

Бүгінгі күнге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1 174 азамат анықталды. Оның ішінде тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 585, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 589 адам. Стационарларда медициналық бақылауға 545 адам алынды, үй жағдайындағы бақылаудағылардың саны – 629 адам.

Аймақта коронавирус барлығы 100 адамнан табылды:

  • Қызылорда қаласы – 12;
  • Жаңақорған ауданы – 16;
  • Қармақшы ауданы – 4;
  • Шиелі ауданы – 52;
  • Сырдария ауданы – 14;
  • Арал ауданы – 2.

23.00 – Павлодар облысында коронавирус жұқтырған бір адам көз жұмды.

Науқас 1936 жылы дүниеге келген. Ол 8 сәуірде "ауырлығы орташа дәрежедегі ауруханадан тыс полисегментарлы пневмония, ӨСОА" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ертеңіне Covid-19 талдауы оң нәтиже берді. 2016 жылдан бастап ер адам "бронх демікпесі", "өкпенің созылмалы обструктивті ауруы", "жүректің ишемиялық ауруы", "үшінші дәрежелі артериялық гипертензия" және "терінің қатерлі ісігі" диагноздарымен есепте тұрған.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді?

22.56 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 17 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 2;
  • Алматы – 1;
  • Ақмола облысы – 4;
  • Павлодар облысы – 2;
  • Қызылорда облысы – 8.

Қазақстан бойынша барлығы 781 адам анықталды.



20.35 – Бүгін Нұр-Сұлтанға Қытайдан дәрігерлер бригадасы келді. 15 күн ішінде олар елорда, Алматы және Қарағанды қалаларындағы дәрігерлерге кеңес береді.

Қытайдан келген дәрігерлер бригадасында 10 маман – пульмонолог, реаниматолог, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар.


Қытайдан келген дәрігерлер

Қытайдан келген дәрігерлер / Фото Informburo.kz


20.30 – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев апта аяғына дейін eGov және 42500.enbek.kz сайттарында табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік тқлем алуға берген өтінішін қадағалап отыру мүмкін болатынын айтты. ЖСН енгізу арқылы өтініштің мәртебесін көріп отыруға болады.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика

20.02 – Қазақстанда коронавирус жұқтырған алты науқас жан сақтау бөлімінен қалыпты бөлімшеге ауыстырылды. Дәрігерлер науқастардың жағдайының жақсарғанын және қарқынды терапия қажет емес екенін атап өтті.

Барлығы 6 науқас реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылды:

  • Нұр-Сұлтан – 1 адам;
  • Алматы – 2 адам;
  • Шымкент – 1 адам;
  • Қарағанды облысы – 2 адам.

19.25 – Алматыда қоғамдық көліктерде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты 9 сәуірден бастап №57 маршрутқа қосымша екі маршрут қосылды.10 сәуірде тағы екі автобус қосылады деп жоспарланып отыр. 10 сәуірден бастап келесі бағыттар бойынша қосымша автобустар іске қосылады: №92, 29, 141, 118, 106, 38.

18.45 – NurOtan партиясы комиссиясының тексеруінен соң Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық аурухана басшылығы тарапынан заң бұзушылық деректері болғаны расталды.

Дәрігер-инфекционист Толқынай Ордабаева медицина қызметкерлерін коронавирусты жұқтыру деректерінен және мекеме жұмысындағы көптеген заңсыздықтарды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан жасырғаны туралы хабарлады.

"Меркі аудандық орталық аурухана әкімшілігі медициналық қызметкерлерді маска тігуге мәжбүрлеген. Қызметкерлерге маскалар мен қорғаныс құралдары берілмеген", – деп жазды партияның баспасөз хатшысы Тимур Базарбаев Facebook-та.

Аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбеков пен аудан әкімінің денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершілікке тартылды.

18.40 – Бірыңғай жиынтық төлем көлемі өзгеріссіз қалды.

Ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшері өзгергеннен кейін Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері (БЖТ) өзгеріссіз қалды:

  • қала үшін бір АЕК мөлшері – 2 651 теңге;
  • ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК, яғни 1 325 теңгені құрайды.

18.35 – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған, Қырғызстанның жүк тасымалымен айналысатын үш азаматы еліне жіберілді. Олардан мемлекеттік шекараны өту кезінде инфекция анықталған. Сол жерден арнайы автокөлікпен шекара маңындағы өткізу пунктіне жеткізіп, одан кейін оларды Қырғызстанның медициналық қызмет өкілдері алып кеткен.

Жамбыл облысының жұқпалы аурулар стационарында барлығы 41 науқас бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде қоғамда не байқадық?

18.30 – Алматыда жазылып шыққан 3 адам туралы:

Олар – 1993 және 1985 жылғы екі әйел адам, 25 жастағы ер адам.

Бірінші адам 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Екіншісi – 23 наурызда Ыстанбұл-Мәскеу рейсімен, ал үшінші адам да 26 наурызда Ыстанбұл-Мәскеу рейсімен ұшып келген.

18.15 – Төтенше жағдай жарияланғаннан бері Алматы облысы аумағында 89 құқық бұзушылық дерегі тіркелді:

  • 42 рет карантин аумағына кіруге немесе тыйым салынған аумақтан шығуға әрекет еткен (ӘҚБК 476-бабы);
  • карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзуді бұзғаны үшін 27 хаттама жазылған;
  • жиналыстар, шерулер және демонстрациялар, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзу дерегі бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылған;
  • тәртіп сақшылары белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетудің алты дерегін анықтаған;
  • тыйым салынса да, алкогольдік iшiмдiктерді және құрамында спирт бар заттарды саудалаудың төрт дерегі әшкереленді.
16 наурыздан 8 сәуірге дейін Алматы облысының аумағында төтенше жағдай тәртібін бұзудың 89 дерегі тіркеліп, 36 тұлға қамаққа алынса, 42 азаматқа айыппұл салынған. 5 тұрғын ескерту алумен шектелген.

18.05 – Алматыда 280 орындық жедел салынып жатқан жұқпалы аурлар ауруханасының құны – 5 млрд теңге. Жалпы ауданы – 5 850 м2. Құрылыс жұмыстары 5 сәуірде басталып, 24-25 сәуірде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ғимарат 9 балл жер сілкінісін көтеруге тиіс. Госпиталь Covid-19 жұқтыруға күдікті және олармен байланыста болған адамдарға арналған.



Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді?

18.00 – Жамбыл облысында бір және Павлодар облысында бір адам коронавирустан емделіп шықты.

Жамбыл облысында жазылып шыққан 29 жастағы Шу ауданының тұрғынына диагноз Қырғызстаннан келген соң, 24 наурызда қойылған. Ол екі апта инфекциялық стационарда ем алған. Екі рет талдау алынып, ол теріс нәтиже көрсетті. Енді екі апта ол үй карантинінде дәрігер қарауында болады.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 60-қа жетті.

17.50 – "Шапағат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Covid-19 жұқтырғандар туралы:

Бұл орталық Целиноград ауданы Аққайың ауылында Нұр-сұлтан қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан. 16 наурызда карантин жарияланғанда орталық қамқорлығында 147 адам болды. Олардың орташа жасы – 75 жасы. 74 қызметкердің 51-і демалысқа және қашықтан жұмыс істеуге жіберілді.

2 сәуірде 1947 жылы туған ер адам, 6 сәуірде 1929 жылы туған әйел қайтыс болды. Екі жағдайда да коронавирус белгілері байқалмады, инфекция өлгеннен кейін анықталды.

Байланыста болғандар нақтыланып, ПТР зерттеу нәтижелері бойынша 35 адамнан Covid-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылып, емделуде.

Ақмолада коронавирус жұқтырған жалпы 56 адам анықталды:

  • Целиноград ауданы – 51;
  • Аршалы ауданы – 3;
  • Көкшетау қаласы – 1;
  • Шортанды ауданы – 1.

17.20 – Түркістан облысында тұрғындар тарапынан төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерді елемей, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген 107 оқиға тіркелді. 40 азамат қамауға алынып, 59 азаматқа сот үкімімен айыппұл салынды. Бір азамат білместік танытып, алғаш рет қателікке жол бергені үшін ескертумен шектелді. Қалған жеті азаматтың ісі сот қарауына берілді.

17.15 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев төтенше жағдай кезінде көрсетілген 4,6 млн астам электронды қызметтің 3 миллионы 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға қатысты екенін айтты.

Сондай-ақ, 60 мыңнан астам қазақстандық электронды түрде ЭЦҚ алған.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады

16.57 – Алматыда "Жаңа Алатау қоры" есебінен 12 000 адам азық-түлік қоржынын алды. Қайырымдылық жасауға ниет білдірушілер қор есепшотына қаржы аудара алады.



16.30 – Нұр-Сұлтан әкімдігі коронавирус жұқтырған таксистпен байланыста болған 11 адам анықталғанын, олардың бәрі үй карантиніне жатқызылғанын хабарлады.

16.25 – Алматыда Covid-19 анықталған екі адам туралы:

Бірі Санкт-Петербургтен ұшып келген адаммен, екіншісі бұрын анықталған адаммен байланыста болған.

Алматыда стационарлық карантинде – 877 адам, үй карантинінде – 5217 адам, инфекциялық ауруханада – 211, провизорлық ауруханада – 301, карантиндік госпитальде 388 адам жатыр.

Коронавирус анықталған 121 адамның 65% жұқтырғандармен байланыста болған. 30% – сырттан әкелген, 5% – қайдан жұққаны белгісіз.

Covid-19 қарсы 8 сәуірде – 813 адам, 12 наурыздан бері 13 811 адам ПТР әдісімен тексерілген. Кеше денсаулық сақтау министрлігі Алматыға 55 мың астам тест жеткізген.

Оқи отырыңыз: Індет пен міндет. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің түсіндірмесі

16.20 – Алматы қаласында 3 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 58-ге жетті.



16.02 – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге алуға өтінімдерді қарау уақыты ұзартылуы мүмкін екенін хабарлады.

Бұл мәселе өтінімдердің бір адамнан бірнеше рет қайталанып түсуіне байланысты туындап отыр. Мәселен, 8 сәуір 23.00-дегі жағдай бойынша 3,1 млн хабарламаның 1,3 млн қайталанып түскен.

Өтінімдер аты-жөні, ЖСН, банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар және т. б.бірнеше параметрлер бойынша түрлі ақпараттық деректер қорында мұқият тексеруден өтеді.

Тексере келе 42 500 теңге төлем алу талабына сай келмейтін азаматтардың да өтінім бергені анықталды:

  • жұмыс істейтін;
  • дұрыс емес банк шоттары немесе бөгде біреудің жарамсыз банк шоттарын беру;
  • марқұм болып кеткен адамдардың атынан түскен өтінімдер;
  • шетелде тұратын тұлғалардың атынан берілген өтінімдер;
  • әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған, оған қаражат аудармаған азаматтар да бар.

Осыған ұқсас 405 мыңнан астам дерек анықталды. Минисьрлік азаматтардан 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмаса, алаңдамауды сұрады. Әр өтініштегі ақпарат тексерілгеннен кейін міндетті түрде өтінім жолдаушыға қабылданған шешім туралы хабарланады.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге. Төтенше жағдай кезіндегі бұл әлеуметтік төлем кімге және қалай беріледі?

15.58 – Balapan арнасындағы 10 сәуірге арналған бейнесабақтар кестесі:



15.55 – Оралдық студенттер провизорлық госпитальдардың 250 медицина қызметкері мен бақылау-өткізу бекеттерінде кезекшілік етіп тұрған полиция қызметкерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Акция аясында университеттің 75 ардагеріне бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарлары жеткізілді.

15.35 – Құқық қорғау органдарының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде бір айлық жалақы мөлшерінде үстеме ақы алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның сөзінше, блок бекеттерде кезекшілік ететін және коронавирус жұқтырған науқастар емделетін медицина мекемелерінің күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 52 мың адамға үстеме ақы беріледі.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен күресетін дәрігерлерге айына 850 мың теңгеге дейін үстемеақы беріледі

15.30 – Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 3 адам туралы:

Барлығы Атырау қаласынан тіркелді. Екеуі – 31-33 жастағы әйел, біреуі – 64 жастағы ер адам. Үшеуі де коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олар стационарға жатқызылып, зертханалық сынама оң нәтижесі көрсеткен. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Атырауда коронавирус барлығы 42 адамнан анықталды.

15.05 – Татарстан Діни басқармасы Қазақстан мүфтиінің коронавирус індетінің өршуіне байланысты әлемдегі барша мұсылман қауымын күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға шақыру жайлы бастамасына қосылды.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ислам әлемінің ғұламаларын, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары мен Құран қариларын және барша мұсылман қауымын 10 сәуір жұма күні намаз уақытында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға үндеген болатын.

15.00 – Тараз қаласында атқа мінген 30 әскери қызметші блок бекеттерден автокөлік иелері айналып өтпеуі үшін елдімекен жолдарында кезекшілік етеді. Ат патрульдерін Таразға "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының №91678 әскери бөлімі жіберген.

Оқи отырыңыз: Алматы ішінде кімге жүруге рұқсат етілген?

14.56 – Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тiркелді:

  • Атырау облысы – 3 адам;
  • Маңғыстау облысы – 1 адам;
  • Алматы қаласы – 1 адам.

Қазақстан бойынша барлығы 764 адам анықталды.



14.55 – Жамбыл облысы экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында цемент түрінде 300 тонна ұн алып өтпек болған сегіз жүк көлігін ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабы "Заңсыз кәсіпкерлік" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 30 наурызда астық пен ұн шығаруға шектеу енгізді.

14.50 – Нұр-Сұлтанда жеке таксист коронавирус жұқтырған. Осыған байланысты әкімдік елорда тұрғындарын аса қажет болған жағдайда тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға шақырды.

Коронавирус жұқтырған тағы бір науқаспен байланыста болған 50 адам дәрігер бақылауында.Нұр-Сұлтанда барлығы 223 адамнан Covid-19 анықталды.

Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап

14.33 – Алматыда карантин кезінде қонақ қабылдаған рестобар анықталды.

Рестобар Әл-Фараби даңғылында орналасқан. Түннің бір уағында қалада карантин енгізілгеніне қарамастан, барда 10 қызметкер 12 қонаққа қызмет көрсеткен. Олардың арасында кәмелетке толмаған екі бала бар.

"22 адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны және санитарлық-эпидемиологиялық нормативтерді сақтамағаны үшін ӘҚБК 476-бабының 6-тармағына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Кәмелетке толмаған екі баланың ата-анасы 422-баптың 2-бөлігіне сай құқық бұзушылық негізінде жауапқа тартылады", – деп хабарлады Polisia.kz.

Рестобар жұмысшыларының арасында Өзбекстанның үш азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 517-баптың 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


polisia.kz


14.10 – Мұғалімдерден есеп беруді талап еткендер жазаланды.

Төртінші тоқсан басталғалы Білім және ғылым министрлігінің call-орталығына 97 өтініш келіп түскен. Мұғалімдер есеп беруді талап етпеу жөніндегі министрлік бұйрығын мектеп әкімшілігі немесе білім беру бөлімдері бұзғандығы туралы шағымданған. Барлық шағымдар қаралып, кейбір деректер расталған.

Қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап еткен Алматы облысында мектеп директоры, Қарағанды облысында білім беру бөлімінің қызметкері және Ақтөбе облысында әдістемелік кабинеттің меңгерушісі жазаланды.

13.45 – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавируспен күресте тестілеуден кімдердің өтетінін айтты.

  • "Жедел жәрдем", емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлері санэпидемиологтар сияқты үнемі тестілеуден өтеді;
  • медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өтеді;
  • респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да тестіленеді;
  • қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорындарының жұмысшылары жедел-тестілеуден өтеді;

"Коронавируспен күресте әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтау маңызды. Басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейді..Вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу", – деді Бағытжан Сағынтаев Instagram аккаунтында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Оқи отырыңыз: Telegram бот арқылы 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қалай алуға болады? Нұсқаулық

13.40 – Мұқтаж 50 мың отбасыға Birgemiz қорынан 50 000 теңге келіп түсті.

Biz Birgemiz акциясының аясында, бірінші кезеңде 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа қаржылық қолдау көрсетіледі.

Көмек алушылардың арасында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар.



12.50 – Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирустан жазылып шықты.

Қазақстанда жазылғандар – 55 адам:

  • Нұр-Сұлтан – 30;
  • Алматы – 23;
  • СҚО – 1;
  • Ақтөбе облысы – 1.


12.30 – Қазақстандағы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті.

Институтта барлығы 4 кандидаттық вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2-і векторлық және вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде 2-і суббірліктік. Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалып алынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бірнеше мемлекет 54 кандидат вакцина әзірлеуде. Клиникалық сынақтар кезеңіне әзірге екеуі ғана өтті.

Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?

11.45 – Алматыда Жетісу-2 ы/а, 70а және Жас қанат ы/а, 1/53 мекенжайындағы Covid-19 ошағының екі зонасынан шектеу шаралары алынды.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, 8 сәуірдегі жағдай бойынша қала аумағында коронавирус ошағының 37 зонасы бар.

11.38 – Батыс Қазақстан облысында Covid-19 жұқтырған 2 адам туралы:

Екеуі де – халықаралық жүк тасымалымен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматы. Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпел бекетіндегі санитарлық-карантиндік бақылаудан өту кезінде олардан санитарлық-карантиндік бақылау қызметкерлері сауалнама алып, қызуын өлшеген. Сол кезде азаматтардың бірінің температурасы жоғары болған. Олар оқшауланып, жедел жәрдем қызметі шақырылған. Азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, алынған талдаудан Covid-19 нақтыланды.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысында барлығы 4 адам анықталды.

11.35 – Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус инфекциясына шалдыққан. Қазір ол ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты. Онымен байланыста болған 530 адам анықталды, арасында отбасы мүшелері де, қызметкерлер де бар. Олардың ішінде 30 адам карантиндік стационарға жатқызылса, 80 адам үй карантинінде жатыр. Көп бөлігі шығарылды. Қызметкерлер өз жұмысын атқаруда.

Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі

11.20 – Ақмола облысында Covid-19 жұқтырғандар туралы:

Қарттар үйінің 13 тұрғынынан коронавирус анықталды. Ең қарт науқас – 99 жаста.

Нұр-Сұлтан қаласынан 30 км жердегі Ақмола облысының Малотимофеевка ауылында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында коронавирус барлығы 34 адамнан анықталды. Олардың екеуі қайтыс болды. Барлығы 216 қарым-қатынаста болған тұлға анықталды, соның ішінде 1963 жылы туған орталық қызметкері бар.

Жұқтырғандар 2 сәуірде қайтыс болған 1947 жылы туған ер адаммен жақын немесе әлеуетті байланыста болған. Орталық 19 наурыздан бастап карантинге жабылды.

11.15 – Жаңаөзен қаласының әкімдігі 8 сәуірде Covid-19 анықталған адамның 2009 жылы туған қызында бүгін коронавирус белгілері табылғанын хабарлады. Қалада осымен екінші адам тіркелді.

10.30 – Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 3 адам туралы:

Коронавирус жұқтырғандардың барлығы Атырау облысында тіркелді. Олар Covid-19 анықталған адаммен қарым-қатынаста болған соң карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Диагноз расталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Атырау облысында Covid-19 жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.

10.25 – Бүгін сағат 13.00-14.00 аралығында ата-аналар мен ұстаздар Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қашықтан оқытуға қатысты сұрақтарын қоя алады. Министр фронт-офис операторларымен бірге 1450 нөмірі бойынша ведомствоның call-орталығына түскен қоңырауларды қабылдайды.



Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары қашықтан оқуды бастайды. Ата-аналар не білуі тиіс?

10.15 – Қызылорда облысында Covid-19 анықталған 7 адам туралы:

  • Шиелі ауданы – 5 адам;
  • Сырдария ауданы – 1 адам;
  • Қызылорда қаласы – 1 адам.

Шиелі мен Сырдария ауданында табылғандар коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. Covid-19 диагнозы нақтыланды.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған барлығы 92 адам анықталды:

  • Қызылорда қаласы – 10;
  • Жаңақорған ауданы – 16;
  • Қармақшы ауданы – 4;
  • Шиелі ауданы – 52;
  • Сырдария ауданы – 8;
  • Арал ауданы - 2.

10.10 – Қарағанды облысында Covid-19 жұқтырған 2 адам туралы:

Екі адам да коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынды. Covid-19 нақтыланды. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.

Қарағанды облысында коронавирус жалпы 57 адамнан анықталды. Үй карантинінде 1594 адам жатыр, ал 818 пациент тәулік бойы бақылауға алынған.

10.05 – Шымкентте Covid-19 жұқтырған 4 адам туралы:

Шымкентте анықталған төрт адам да коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Covid-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті.

Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі

10.00 – Коронавирус жұқтырған тағы 32 адам тiркелді:

  • Ақмола облысы –- 13 адам;
  • Алматы қаласы – 1 адам;
  • Қызылорда облысы – 7 адам;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам;
  • Атырау облысы – 3 адам;
  • Қарағанды облысы – 2 адам;
  • Шымкент қаласы – 4 адам.

Қазақстан бойынша жалпы 759 адам тіркелді.



9.00 – Бүгін Balapan арнасынан көрсетілетін телесабақтар кестесі:



Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары