Алматыда Е-Polisia KZ атты мобильді қосымша әзірленді. Енді ЖСН және көліктің нөмірі арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады.
Е-Polisia KZ атты мобильді қосымшаны қолдану нұсқаулығы:
- Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында орыс тілінде ғана қолжетімді;
- Play Market-ке Е-Polisia KZ деп жазып, смартфоныңызға жүктейсіз;
- мобильді қосымша ашылған соң "қала ішінде қозғала аламын ба?" деген батырманы таңдау керек;
- "автокөлікпен қозғалуды" таңдасаңыз, көлігіңіздің мемлекеттік тіркелген номер белгісін көрсетесіз;
- автокөліксіз болса, тек ЖСН жазасыз;
- содан кейін сізге қалада қозғалуға "рұқсат берілген" немесе "тыйым салынған" деп шығады.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады
Есте сақтаңыз, көлік иелері көліктің МТНБ-сін көрсетеді, ал жаяу жүргіншілер өздерінің ЖСН көрсетеді.
Ескерту: төмендегі видеонұсқаулық орыс тілінде әзірленген.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мобильді қосыша енді ғана қосылғандықтан жүктеме көбейген.
Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?
Сондай-ақ, аталған қосымша полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді. Қосымшада бақылау-өткізу бекеттерінен өту ережелері жазылған бөлім бар."База жұмыс істеп тұр. Барлығы бір уақытта тексерген соң жүктемеде аздап мәселе туындады. Барлығы орнына келеді. Мәліметтер дұрыс. Кімде күмән болса, 254-40-07 номеріне хабарласыңыз", – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.